Версия для печати

ЕРШАТ ҚАЙБОЛДИН – «КҮМІС ҚАЛАМ» ИЕГЕРІ

Среда, 06 Октябрь 2021 04:41 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3469 раз
Оцените материал
(0 голосов)

20211005015831 IMG 2425

Шымкентте ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік – бабалар аманаты» атты жас ақындар байқауы басталды. Қаратау дәстүрлі өнер мектебінде өткен «Күміс қалам» поэтикалық дуэлінде еліміздің әр өңірінен жиналған 20 ақын бақ сынады.

Поэтикалық дуэльдің беташар сөзін қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан айтып, жас қаламгерлерге сәттілік тіледі. Шыңғыс Жұмабекұлы өнерсүйер қауымға осынау жыр сайысының маңызын атап өтті. Ал марапаттау рәсіміне қатысқан «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева жас ақындарды жеңістерімен құттықтап, сәттілік тіледі.

20211005015719 IMG 2414Ерекше форматта өткен жыр додасында өнерпаздар 4 кезеңде бақ сынасты. Жас ақындар бірінші кезеңде арнау өлеңдерін оқыса, екінші кезеңде еркін тақырыптағы өлеңдерін, ал үшінші кезеңде жұптасып, шығармаларын нақышына келтіріп орындады. Финалда бес өлеңімен көпті тәнті еткен ақтөбелік ақын Ершат Қайболдин әділқазылар алқасының қорытындысымен бас жүлдеге ие болды. Ол ақтық сында Алматы облысынан келген Айдана Қайсарбекпен өнер көрсетті. Оңтүстік астанадан келген Айдана Есенғали Раушанов атындағы арнайы сыйлықпен марапатталды.

Жартылай финалға өткен ақындар да марапаттан шет қалмады. Жамбыл облысының намысын қорғап келген Нұрболат Жолдасбек Жәркен Бөдешұлы атындағы сыйлыққа ие болса, шымкенттік ақын Әлімжан Әлішер Әбілда Аймақ атындағы, Салтанат Мадиярқызы Әділ Ботпанов атындағы сыйлықпен марапатталды. Мұқағали Кенжетай (Түркістан облысы) Жеңіс Баһадүр атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты атанды.

Жарыс жеңімпаздары және қатысушылары арнайы дипломдармен, қаржылай және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жыр мүшәйрасында ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Бақыт Беделхан, ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ханбибі Есенқарақызы, ақын, ҚР жазушылар одағының мүшесі Бақытжан Алдияр, ақын, аудармашы «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінің ұстазы Абай Қалшабек, ақын, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының мүшесі Бекмұрат Анарбаевтар әділ бағасын беріп, қазылық етті.

Кештің көрікті өтуіне қалалық жастар ресурстық орталығы, «Қаратау» өнер мектебі, «Шам» жас ақындар ұйымы мұрындық болды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.