ПАРАСАТ ЖОЛЫ: ЖАС ОҚЫРМАНДАР АРАСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЭССЕ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Среда, 03 Ноябрь 2021 04:29 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1184 раз

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен қаладағы кітапханаларда «Парасат жолы» орталықтары ашылып, түрақты түрде шаралар ұйымдастырылуда.

220

 

2021 жылдың 25-29 қазан аралығында қалалық жасөспірімдер кітапханасының «Парасат жолы» орталығында «Жемқорлық қоғамның өзекті дерті» атты эссе байқауының жеңімпаздары анықталып, марапатталды.
Байқау қорытындысы бойынша ІІІ-орынды №41 А. Макаренко атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Сман Балауса, ІІ-орынды №41 А. Макаренко атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Мұстафа Аянат еншіледі. Ал І-орынды М.Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназияның оқушысы Жамиғат Ұлмира иеленді. Шара барысында жеңімпаздар арнайы грамотамен марапатталды.
Сондай-ақ, Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты 8 кітапхана бөлімшесінде «Парасат жолы» жобасы аясында «Жемқорлықпен күрес - ортақ парыз» тақырыбында ашық әңгіме сағаты өтті.
Шара барысында жас оқырмандарға адам бойындағы ізгі қасиеттердің бірі парасаттылықты қалыптастырудағы көркем әдебиеттің берері мол екендігі айтылып, жемқорлықпен күрестегі жастардың рөлі талқыланды.
Айта кетейік, мәдениет, әдебиет және руханиятты негізге ала отырып, келелі әңгімелер арқылы қоғамда парасаттылық идеологиясын қалыптастыруға бағытталған «Парасат жолы» орталықтарында кездесулер, ән кештері, дөңгелек үстелдер және тағы да басқа түрлі форматтағы шаралар ұйымдастырылуда.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.