Басты байлық- саулық

Пятница, 05 Ноябрь 2021 10:24 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2419 раз

Еліміз тәуелсідіктік тұғырын бекем тұғырлап, егемендігінің көк туын желбіреткеніне биыл отыз жыл толып отыр. Осы мерзім ішінде мемлекетіміз халықаралық аренада иығы шыңмен тіресіп таласқан елдердің қатарынан табылып, өзінің дара жолымен дамыған, гүлденген елге айналып мемлекеттігінің тұтастығын таныта білді. Әлемдегі ең ірі мемлекетаралық ұйымдардың мүшесі, бірнеше ауқымды шаралардың ұйымдастырушысы, өткізушісі болып, биік мінбелерден көрінді, бірқатар халықаралық ұйымдарға төрағалық етті, нақты істерге маңызды идеяларға бастамашылық танытты. Мұның бәрі сөз жоқ, халқымыздың бірлігі мен ынтымағының, еңбекқорлығының, еліміздің тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың, Президентіміз Қ.Тоқаевтың байыпты саясатының, көрегенділігі мен кемелдігінің, шебер ұйымдастырушылығының нәтижесімен келгені баршаға аян.

 

 

Отыз жыл ішінде егемендіктің ерені, Тәуелсіздіктің тереңі, кемелдіктің кемелі-халқымыздың алдымызға қойған міндеттері мен мақсаттарын орындау, салауатты өмір сүру қалпын қамтамасыз ету, сырқаттанушылықтың алдын алу, сақтандыру, тұтқиылдан келген аурудың жолын кесу, ауыздықтау, санитарлық-гигиеналық, эпидемиологиялық шараларды жүргізу біз үшін азаматтық парыз деп білемін.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев биылғы халыққа арнаған Жолдауында еліміздің экономикасын көтеру, кездескен қиындықтарды еңсеру жолында, әсіресе, жер шарын алаңдатқан қауіпті індеттің алдын алу , онымен күресу бағытында атқарар жоспарлар мен міндеттердің нақты айқындап берген болатын. Әлемді шарпыған пандемия экономикамыздың ілгерлеуі мен әлауқатымыздың өрістеуіне, дамуымыздың басты тірегі – халқымыздың денсаулығына мейлінше әсер еткенін, тек бірлескен іс-қимыл мен әрекеттің, ауызбіршілік пен ынтымақтастықтың арқасында бұл қиындықтан өте аламыз деп атап өткен болатын. Бүгінде арқамызға салмағын батырған, көңілімізді күпті еткен, күдігімізді көбейткен індет сейіле бастады.

Пандемия басталғалы Шымкент қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен аудандық басқармаларының мамандарымен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын жақсарту мақсатында санитариялық-ағарту, ақпараттық - түсіндіру жұмыстары бойынша газеттерге 194 мақала жарияланып, телеарналар мен радиода 128 сұхбат берілген және сала тақырыптары бойынша 10 «дөнгелек үстел», 11-брифинг, 193- семинарлар өткізіліп, 2- аудио және бейнеролик түсірілген.

       Бұдан басқа, қазір көпшіліктің жаңалықтар мен пайдалы ақпараттарды интернеттегі әлеуметтік желілерден қарауына байланысты, ағымдағы жылдың басынан бүгінгі күнге дейін ақпараттық порталдарға (сайттар) 62 мәлімет орналастырылды. Ал департаменттің ресми интернет-ресурстарына мемелекеттік және орыс тілдерінде 504 мәлімет орнатылды.

       Департамент пен аумақтық басқармалардың әлеуметтік желілердегі (Facebook. Instagramm. VK) парақшаларымен күнделікті жұмыс атқарылып, бүгінгі күнге 4602 аса мәліметтер орналастырылған. Әлеуметтік желілерге орналастырылып жатқан материалдар негізінен күнделікті коронавирус инфекциясының алдын-алу, мониторинг топтарының жұмыстары және инфекциялық, инфекциялық емес аурулардың алдын алу, департамент пен басқармалар тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар, сонымен қатар бүгінгі күннің өзекті мәселесі – сыбайлас жемқорлықпен күресу тақырыбында орналастырылуда.

Бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау бойынша ауқымды шаралар іске асырылуда. Атап айтқанда қолданыстағы вакциналардың бірінші компонентімен 553131 тұрғын коронавирустық инфекцияға қарсы екпемен қамтылды. КВИ-ға қарсы жоспарланған 596205 ересектердің жалпы қамту деңгейі 92,8%-ды құрады. Қала бойынша алғы шептегі қауіпті топтарға жататын медицина қызметкерлері 95,5%, ұстаздар мен тәрбиешілер және барлық күш құрылымдарының қызметкерлері 100%-ға жуық бір реттік вакцинациямен қамтылды.

     2021 жылдың 1-қаңтарынан бастап 4 қарашаға дейін 45649 нысан мониторинг жұмыстарымен қамтылды. Барлық объектілерде коронавирустық инфекцияның (COVID -19) таралуына жол бермеу бойынша санитариялық-ағарту, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Мониторинг қорытындысы бойынша 2637 жауапты тұлғаға (жеке тұлға - 2475, жеке кәсіпкер - 107, заңды тұлға - 16, лауазымды тұлға - 39) хаттама толтырылып, жалпы сомасы 169.622.735 теңгеге айыппұл салынды.

Қала бойынша «Ashyq» жобасына 8546 нысан енген. «Ashyq» жобасына қатысушы нысандарға барып QR-коды арқылы «қызыл» және «сары» статуспен анықталған жеке тұлғалар бойынша 2939 хабарлама түсті, анықталғаны 2505, соның 1813-і «қызыл» және 692-і «сары» статуспен анықталған жеке тұлғаларға 28953395 теңгеге айыппұл салынды. Карантин режимін сақтамай «қызыл» мәртебесімен анықталған тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстары жалғасуда.

А.Тулебаев

Шымкент қаласы Санитариялық- эпидемиологиялық

бақылау департаментінің басшысы                                

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.