Версия для печати

ЖАС ҰРПАҚҚА АМАНАТ ХАТ

Четверг, 02 Декабрь 2021 04:05 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 668 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партияның Саяси кеңесінде айтқан «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын алдағы уақыттағы мемлекетіміздің дамуына жасалған ізгі қадам деп қабылдадық.

 

Бұл құжатты өз басым жас ұрпаққа аманат-хат дер едім! Елбасының «Тәуелсіздікті сақтау және мемлекеттілікті нығайту – біздің болашақ ұрпақ алдындағы парызымыз» деген ойы кімді де болса ойландырады. Әлі талай буын өз пікірін білдіреді.
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаларында ұлттық болмысымыздан ажырамаудың айқын жолын көрсетіп еді. Ал, бұл жолы Тұңғыш Президентіміз 30 жыл ішіндегі Тәуелсіз Қазақстанның дамуының негізгі айшықтарын тұтас қамтып өтті.
Елбасы «Әлем картасында Қазақстан деген егемен елдің ойып тұрып орын алуы үшін аянбай еңбек еттік» деп бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсап өткен арманын жеткізе отырып «Мәңгілік Ел» ету жас ұрпаққа жүктелген тарихи миссия екенін қадап айтты.
Елбасы жер мәселесіне ерекше назар аударды. «Біздің ең үлкен табысымыз –шекарамыздың шегенделгені. Енді ата-баба аманатына адал болып, ұлан-ғайыр жерімізді қорғау, оны болашақ ұрпаққа аманат ету – біздің ортақ борышымыз» деп осыны ұрпақ жадына зерделеп сіңіріп отыр.
«Елдіктің жеті тұғырында» «Отбасы мен салт-дәстүр-қоғамның алтын діңгегіне» айрықша назар аударылды. «Сол үшін дәстүрдің озығын алып, тозығын тастап, елдік болмыстың өзегін сақтай білуіміз керек» деп саналы ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлу қажеттігін де атап өтті.
Осы мәселеге қатысты республикада жалғыз Шымкент қаласындағы «Салт-дәстүр, әдет-ғұрып орталығы» жұмысының соңғы жылдары құлдырағанын үлкен өкінішпен айтуға болады. Осы мәселеге қатысты шұғыл шешім қабылдап, орталықтың жұмысын қалпына келтіру қажет.
Елбасы «Ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі» деп мәдениетке ерекше назар аударды. «Басқа халықтарды тек өнер құдыретімен, ғылыми ізденіспен ғана мойындата аламыз, сол үшін мәдениетімізді зерделеп, өзге жұртқа насихаттай білген абзал» деді. Елді танытатын мәдениет пен өнер. Сондықтан тарихы терең Шымқаланың мәдениетіне басым бағыт берілуі тиіс.

Күлия АЙДАРБЕКОВА,
Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Miras» аймақтық
қоғамдық кеңесінің төрайымы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.