Құрметті ата-аналар мен үміткерлер Назарбаев Зияткерлік мектептері 2022-2023 оқу жылына білім алу «Өркен» гранттарына конкурс жариялайды.
Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі конкурсқа қатысушыларының құжаттарын қабылдауды бастады.
Құжат қабылдау 2022 жылғы 5 қаңтардан 21 ақпанға дейін жүргізіледі.
Кешенді тестілеу 2022 жылғы 14-15 сәуір күндері өтеді.
Қабылдау комиссиясының жұмыс тәртібі:
дүйсенбі-жұма күндері 9.00-ден 18.00-ге дейін; сенбі күні 9.00-ден 13.00-ге дейін; Түскі үзіліс уақыты: 12.00-13.00 арасы.
Санитарлық талаптарды сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылдау комиссияға келу үшін арнайы онлайн брондау қызметін пайдаланып, кезекке тіркелу керектігін хабарлаймыз. Құжаттар тізімі, брондау қызметі туралы http://fmsh.nis.edu.kz/ сайтынан біле аласыздар.
Құжат қабылдау мекен-жайы: Шымкент қаласы, Ақжайық ы/а, Элит қалашық 6
Телефон: 8 (7252) 29-44-88