ҮКІМЕТТІҢ АЛДЫНДАҒЫ КҮРДЕЛІ МІНДЕТТІҢ БІРІ – ИНФЛЯЦИЯНЫ ҰСТАП ТҰРУ Избранное

Среда, 13 Апрель 2022 04:07 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1740 раз

Бұл туралы кезекті Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты.

170

 

–Жалпы алғанда, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына шектеу шараларының әсерін барынша азайта алдық. Бұл жұмысты жалғастыруымыз керек. Бізбен көршілес елдердің экономикасына санкциялардың ықпалы күшейе түсті. Сонымен қатар, Үкіметтің алдындағы күрделі міндеттің бірі – инфляцияны ұстап тұру. Наурыз айының қорытындысы бойынша еліміздегі жылдық инфляцияның деңгейі 12 пайызды құрады, - деді Үкімет басшысы. Әлихан Смайыловтың пайымынша, оған бірінші кезекте, біздің сауда жасап отырған серіктес елдердегі инфляцияның өсуі мен әлемдік азық-түлік бағасының қымбаттауы тікелей әсер еткен.
–Біріккен Ұлттар Ұйымы азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының мәліметі бойынша биылғы наурыз айындағы азық-түлік бағасының әлемдік индексі 159 пайыздық тармаққа дейін өсіп, соңғы 30 жылда болмаған ең жоғары деңгейге жеткен. Әлемде негізінен дәнді дақылдарға, өсімдік майына, қантқа, ет пен сүт өнімдеріне баға өсіп кеткен. Бұл біздің нарыққа да тікелей әсер етіп отыр, - деді ол. Осы орайда Үкімет басшысы ел Президентінің тапсырмасы бойынша 2022-2024 жылдарға арналған инфляция деңгейін бақылау және төмендету бойынша кешенді шаралар іске асырылып жатқанын айтты.
Жиында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров тұрғын үйді пайдалануға беру жыл басынан бері алғаш рет оң серпінге шыққанын атап өтті.
Министрдің атап өтуінше, осы жылдың үш айында құрылыс секторы жоғары өсу қарқынын көрсетіп, орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 8,6 пайызға өскен. Көрсеткіштің оң өсімі 14 өңір бойынша тіркелген. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең жоғары өсімі Алматы қаласында, сондай-ақ Ақмола және Қостанай облыстарында байқалып отыр.
– Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша өсу динамикасы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 7,7 пайыздық тармаққа жақсарып, жыл басынан бері алғаш рет оң серпінге шықты. Жалпы 2,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 0,4 пайызға жоғары. Оң динамика 15 өңірде тіркелді, оның арасында ең жоғарғы көрсеткіш Түркістан, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалған, - деді Әлібек Қуантыров.
Министр келтірген тағы бір дерек, 7 экономикалық көрсеткіш бойынша оң өсім 6 өңірде – Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында белгіленіп отыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.