Отан үшін от кешкен

Пятница, 06 Май 2022 04:29 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1702 раз

Құлан Тұтқышбаев 1923 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, Ұялыжар колхозында дүниеге келген. 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанғанда Құлан атамыз небәрі 18 жаста болатын.

208

 

1941 жылы Арыс аудандық военкоматтан майданға аттанды. 1943 жылы Орлов облысы, Болховский ауданы, Болхов қаласы маңында қайтыс болған. Брянский фронтында қатысып, бірнеше медаль, орден алған. «Фашистермен ұрыста ерлікпен қаза тапты» делінген қара қағаз ғана келді. Бірақ қай жерде қайтыс болғаны жазылмаған еді. Әкем Әскердің арманы Құлан ағасының жерленген жерінен бір уыс топырақ әкеліп, құран бағыштау еді. Әкем Құлан ағасы соғысқа кеткенде 7 жаста болған екен.
Құлан атаның жас ғұмыры осылайша ерте үзіледі. Ұлы Отан соғысының боздағы тірі болғанда, бүгінде 98 жаста болар еді. Оның өмірі мен жарқын бейнесін осылай ғана еске аламыз. Құлан атамыз сияқты жастайынан қыршын кеткен, туған жерінен топырақ бұйырмаған боздақтар қаншама. Бүгінгі ұрпақ олардың ерлігін қастерлеп, үлгі-өнеге ету арқылы отаншыл болуға ұмтылады. Жас болса да қолына қару ұстап, жаудан Отанын қорғаған асыл азаматтарға құрметпен қарап, оларға ескерткіш орнатты. Әсіресе, Жеңістің 70 жылдығына орай Шымкентте Даңқ мемориалында соғысқа қатысқан оңтүстікқазақстандықтардың есімдері тасқа қашап жазылған керемет аллея ашылған болатын. Соғысқа аттанып хабарсыз кетіп, ошағына оралмаған боздақтардың туған-туыстары оларды еске алу үшін осы аллеяға келіп, тағзым етеді.
«Даңқ» мемориал тақтасындағы тізімнің ішінде Ордабасы ауданынан аттанған майдангер Құлан Тұтқышбаевтың есімі де қашалып жазылды.
Бұл мақалаға арқау болған Ұлы Отан соғысына қатысушы, атам Құлан Тұтқышбаев пен тыл және еңбек ардагері, әкем Әскер Тұтқышбаев еді. Ерлігі көпке үлгі болған, жеңісті жақындатуға үлес қосқан соғыс және тыл ардагерлерінің жанқиярлық еңбегі қашанда елдің жадында мәңгілік сақталады.

Ибрагим Тұтқышбай,
М.Әуезов атындағы ОҚУ Аграрлық факультеті «Ветеринарлық медицина» кафедрасының доценті, ветеринария
ғылымдарының кандидаты

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.