БОЛАШАҚ ҮШІН – ӘРБІРІМІЗ ЖАУАПТЫМЫЗ! Избранное

Среда, 08 Июнь 2022 04:14 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1222 раз

Мемлекет басшысының еліміздегі саяси реформаларды іске асыруда халықтың талап-тілектері ескеріліп, ел басқару ісінде ашықтық пен жариялылыққа негіз болатын референдумды өткізу туралы бастамасы халық арасынан қолдау тапқаны анық.

556

 

AMANAT партиясының Төрағасы Е.Қошановтың тапсырмасына орай, республикалық және қалалық деңгейде партия жанынан құрылған референдумды қолдау жөніндегі штаб өз жұмысын нәтижелі көрсетті. Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, AMANAT партиясының фракциясы жетекшісінің орынбасары, республикалық Саяси Кеңестің мүшесі әрі республикалық штабтың мүшесі ретінде қаламызда жұртшылықпен кездесіп, саяси өзгерістердің болашақтағы тиімділігі туралы түсіндіру жұмыстарына атсалыстым. Барлық кездесулерде халықтың Жаңа Қазақстанды құру жолындағы талап-тілектері де назарға алынып, партия филиалына жолданып отырды.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары да өзгерістерді әр азаматқа егжей-тегжей түсіндіріп, нақтылап айтып берді. Қала тұрғындары өздерінің болашағы үшін референдумға белсене қатысты. Бұл ретте барлық партияластар мен белсенділердің, ардагерлер мен жастардың да қосқан үлесі зор деп есептеймін.
Өзім жетекшілік жасайтын «Sairam-Orkeniet» бастауыш партия ұйымы ұйымшылдықпен халық арасында насихаттау жұмысын жүргізді. Партия филиалының аппараты барлық жұмыстарды үйлестіріп, партия атынан тағайындалған өкілдер референдумның әділетті өтуіне атсалысты. Бұл партияластарымыздың жауапкершілігінің мол екенін аңғартады. Дана халқымызда «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығардық» деген өсиетті сөзі, барлығымыздың бір мүдденің арнасына біріктірді. Береке мен бірлік, ынтымақ еліміздің болашағы екенін қайта сезіндік. Халықтың 72 пайыздан астамы қатысып, белсенділік танытты.
Референдум – Жаңа Қазақстан мен екінші республиканы қалыптастырудың алғышарттары. Халық келешек үшін дауыс берді. Белсенді атсалысып, өзгерістердің келешек үшін дұрыс бағытта екенін түсінді. Енді, Жаңа Қазақстан үшін әрбіріміз өз үлесімізді қосуымыз тиіс!

Жадыра ТАҢАТАРОВА,
Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, AMANAT партиясының
фракциясы жетекшісінің орынбасары, республикалық
штаб мүшесі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.