Шымкент қаласындағы сауда базарлары туралы

Среда, 20 Июль 2022 05:54 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1793 раз

Шымкент қаласында 2022 жылдың 1 қаңтарына 17,5 мың сауда орнымен 36 базар тіркелді, оның ішінде мамандандырылған – 16, әмбебап – 20 бірлік. Базарлардың жалпы санының 55,6% жеке кәсіпкерлердің, 44,4% – заңды тұлғалардың меншігінде.

 

Базарлар тауарлық мамандандыру бойынша әмбебап, сату түрлері бойынша бөлшек болып бөлінеді, олардың жалпы санындағы үлесі, тиісінше – 55,6% және 97,2%.
Қала базарларындағы сауда санитарлық нормалардың және ветеринарлық-санитарлық бақылау ережелерінің сақталуына ерекше көңіл бөлінеді. 2021 жылы қала базарларында 13 малдәрігерлік санитарлық сараптау зертханасы жұмыс істеді. Тез бұзылатын өнімдерді сақтау үшін базарлар иелігінде 23 бірлік тоңазытқыш камералары бар.

Өткізілетін тауарларға байланысты базарлардың түрлерін бөлу

 168

 

Ләззат Дәуешова,
Шымкент қаласы бойынша Статистика департаменті
Сауда статистикасы бөлімінің басшысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.