ОҢАЛТУДАН ТЕГІН ӨТЕДІ

Среда, 27 Июль 2022 05:52 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1104 раз

Шымкент қалалық №3 ауруханада 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап осы күнге дейін МӘМС пакеті бойынша – 1802 науқасқа, ал ТМКК-нің жаңа моделі бойынша – 712 науқасқа медициналық көмек көрсетілген.

 

Қазіргі таңда медицинада жүйке ауруларының алдын алу жұмыстарына басымдық берілген. Соның бірі жүкті аналарда баланың дамуы барысында денсаулығы мамандар тарапынан жіті бақыланады. Сонымен қатар, созылмалы жүйке ауруларына шалдыққан науқастар ауруханада жылына 2-3 реттен ем алады немесе күндізгі стационарда емін жалғастыруына мүмкіндігі бар. Ал, шұғыл түскен науқастарға міндетті түрде жедел медициналық көмек көрсетіледі. Жүйке аурулар бөлімшесінде жыл басынан бері МӘМС пакеті бойынша 217 науқас ем алды, оның ішінде 28-і оңалтуға жатқан науқастар. ТМКК-нің жаңа моделі бойынша 515 науқас емделіп шықты.
Сондай шұғыл жағдаймен әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің аясында К.Пазылов есімді азамат бізге жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. Қабылдау кезінде неврологтар аурудың белгілерін нақтылады. МӘМС аясында бас миының компьютерлік томографиясы, ЭКГ, кеуде қуысының рентгенографиясы түсірілді және қажетті қан сынақтары алынды. Нәтижесінде науқас «эпилепсиялық статус» диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы қалыпты, ем-домын алып, үйіне жіберілді. Пациент К.Пазылов аурухана дәрігерлеріне шұғыл көрсеткен көмектері үшін ризашылығын білдірді. Жүйке аурулар бөлімшесінің меңгерушісі Бердалиева Гулжахан Назимбекқызына өз алғысын жеткізді.
Алдағы уақытта науқас МӘМС аясында оңалту емін қабылдайды. Бұл жерде сақтандырылған азамат ретінде науқасқа медициналық қызмет тегін көрсетіледі.

Г.ПРАТОВА,
Шымкент қалалық №3 аурухананың жүйке аурулар бөлімшесінің дәрігері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.