Болашақтың кілті – өскелең ұрпақ қолында Избранное

Среда, 03 Август 2022 04:54 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1633 раз

«Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз. Мен Мемлекет басшысы ретінде өскелең ұрпақтың болашағына баса мән беремін. Жастарға зор үміт артамын. Олардың арасында көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр азаматтар аз емес. Біз өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасауымыз керек», - дейді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

91

 

Мемлекет басшысы «2022 жылды – Балалар жылы» деп жариялады.
Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – еліміздің әлеуметтік-құқықтық саясатының басым бағыттарының бірі. Патриоттық тәрбиенің басты мақсаты – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін, тыныштық пен бейбітшілікті сақтайтын, еліміздің рәміздеріне құрметпен қарайтын, қайсар, жігерлі жас ұрпақты тәрбиелеу.
Осыған орай, «Қазақстандық прокурорлардың қауымдастығы» республикалық қоғамдық ұйымының бастамасымен Бас әскери прокуратурада «Менің Отаным – менің Қазақстаным» және «Менің қалам» тақырыптарында үздік балалар суреті мен шығармашылығы байқауы ұйымдастырылды.
Байқауға Бас әскери прокуратураның, аймақтар мен гарнизондардағы әскери прокуратуралары қызметкерлерінің балалары қатысты.
Байқаудың қорытындысы бойынша Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы қызметкерлерінің балалары «Менің Отаным – менің Қазақстаным» тақырыбында үздік балалар суреті конкурсында жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар «Қазақстандық прокурорлардың қауымдастығы» республикалық қоғамдық ұйымының бағалы сыйлықтары және алғыс хаттарымен марапатталды.

Бақытжан НҰРМАХАНБЕТОВ,
Шымкент гарнизоны әскери прокуратурасының аға прокуроры, әділет майоры

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.