ҚАРАПАЙЫМ ҚАҺАРМАН

Пятница, 05 Август 2022 04:58 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 472 раз

Шымкенттегі Кеңес Одағының Батыры генерал Сабыр Рақымов атындағы «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушісі демалыс кезінде Түркістан облысында суға батып бара жатқан баланы құтқарды.

108

 

Бірер күн бұрын Әділет Жақсылық ағасы Нұрғисамен бірге үй шаруасымен айналысып жүріп, кенеттен жақын жердегі өзеннен балалардың айқайлаған дауысын естіген. Көмекке жеткен бұларға жағалауда тұрған бала суға батып кеткен досын көрсетеді. Ағайынды қос жігіт ойланбастан өзенге сүңгіп, баланы іздей бастайды. Бір кезде Әділет аяғының жұмсақ нәрсеге тигенін сезеді де ауа жұтып, қайта суға сүңгіген кезде ес-түссіз жатқан баланы алып шығады. Дереу алғашқы көмек ретінде жүрекке массаж жасап, жасанды тыныс берген. Осы уақытта ағасы Нұрғиса жедел жәрдем шақырады. Дәрігерлер келгенге дейін ағайындылар баланың жағдайын бақылап, өкпеге кезекпен жасанды дем беріп отырған.
Бала аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі уақытта оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ, жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Осылайша Әділет Жақсылықтың батыл және сенімді іс-әрекетінің нәтижесінде балақай бір ажалдан аман қалды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.