Ауруын жасырған... Избранное

Пятница, 05 Август 2022 05:03 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1246 раз

Шымкент қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі тобының қызметкерлері әйелдерге қатысты қылмыстың алдын алу және жолын кесу бағытында мақсатты жұмыстар атқаруда.

109

 

Отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігі моральдық тұрғыдағы мінеуден қорқып, құқық қорғау органдарына шағымданудан бас тартып жатады. Осыған сәйкес, әйелдер мен қыздар арасында әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, зорлық-зомбылықтың түрлері мен себептерін зерделеп, алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерді болдырмау бағытында тиісті профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.
– Отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Ал сол қоғамның дамуы отбасының өміршеңдігіне, әл-ауқаты мен дұрыс қалыптасуына байланысты. Азаматтарды отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы зорлық-зомбылық деректері туралы уақтылы хабарлауға және басқа адамдардың мәселесіне немқұрайлы қарамауға шақырамын, – дейді Абай ПБ ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы полиция майоры Гүлвира Бектемісова.
Отбасындағы өзара келіспеушіліктер көбінесе ауыр салдарға әкеп соғады және одан көп жағдайда нәзік жандылар зардап шегеді. Өмірдің сынағымен бетпе-бет келген әйелдермен жұмыс істейтін инспекторлар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа әлеуметтік жағдайдың төмендігі себеп болатынын атап өтті.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.