Прокурорлық қадағалау актісімен жеке кәсіпкердің құқығы қорғалды

Пятница, 05 Август 2022 05:58 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 579 раз

Еңбекші аудан прокуратурасы сот актілерін қадағалау кезінде Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 23.09.2021 жылғы қаулысымен жеке кәсіпкер Д.С.Д.-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабының 1-бөлігінде (бұдан әрі-Кодекс) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған, оған осы баппен 72 925 теңге әкімшілік айыппұл салу жазасы заңсыз тағайындағанын анықтаған.

 

Бірінші сатылы сот әкімшілік істі қарау барысында Кодекстің 62-бабының 3-бөлігіне сәйкес Д.С.Д. әкімшілік жауаптылыққа тарту мерзімі өткенін назардан тыс қалдырып, Д.С.Д.-ға Кодекстің 463-бабының  1-бөлігімен әкімшілік жаза тағайындаған.

Жоғарыда көрсетілген сот қаулысы Кодекстің талаптарына қайшы қабылданғандықтан, әкімшілік іс әкімшілік құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты Еңбекші аудан прокуратурасының апелляциялық өтінішхат арқылы бұзылған.

Яғни, Еңбекші аудан прокуратурасының араласуынан кәсіпкердің конституциялық құқығы қорғалды.

 

Еңбекші ауданының прокуратурасы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.