ВАКЦИНА ДЕРТТІҢ АЗАЮЫНА ӘСЕР ЕТЕДІ Избранное

Пятница, 12 Август 2022 04:38 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 980 раз

Covid-2019 – жұқпалы жолмен тарайтын коронавирустың жаңа түрі. Коронавирустың негізгі белгілері респираторлық ауруларға ұқсайды. Кейде ауру симптомдары білінбейді. Дене қызуы көтеріліп, жөтел мен тыныс алу қиындағанда дереу дәрігер көмегіне жүгіну қажет.

267

 

Covid-2019 жұқтырған науқас жөтеліп, түшкірген кездегі мұрын мен ауыздан шығатын ұсақ тамшылар арқылы адамнан адамға жұғады. Тамшылар заттарға жұғып, ауаға тарайды. Оларға жанасқан соң, вирус көзге, мұрын мен ауызға түседі.
Коронавирус көптеген адамдардың ауруына және өліміне себеп болды. Сонымен қатар, COVID-19 созылмалы ауруы бар науқастардың асқыну қаупін тудыру мүмкіндігі жоғары екенін білеміз.
COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастарда иммундық жүйесіне қарай әртүрлі өтеді, кейбірінде дені сау адам секілді ешқандай симптомдар болмайды, ендігі бірінде созылмалы аурулары бар науқастарда немесе иммунитеті төмен жандарда симптомды түрі жүреді. Екі түрі де инфекцияны тасмалдаушы. Олар қоғамдық орталарда да жүруі мүмкін. Сол себепті инфекцияны қайдан, қай кезде жұқтырады – ол белгісіз.
Өзіңізді және басқаларды вирустан қорғау үшін сақтық шараларының тиімді көзі – вакцинация. Вакцина егу арқылы ұжымдық иммунитет қалыптастыру маңызды. Коронавирус инфекциясы мақұлданған вакцинаның арқасында дерттің едәуір азайғанын көрсетті.
Короновирусты тоқтату қолдағы бар ресурстарды пайдалануды қажет етеді. Маскалар мен әлеуметтік оқшаулау вирус жұқтыру немесе вирустың басқаларға таралу қаупін азайтуға көмектеседі. Вакциналар иммундық жүйемен бірге жұмыс істейді, егер ауру жұқтырса, ағзаны инфекциямен күресуге үйрету керек. COVID-19-дан ең мықты қорғаныс бұл вакцинация мен өзіңізді және басқаларды вирустың әсерінен қорғау үшін денсаулық сақтау бойынша нұсқауларды орындаған жөн.

Айман Оспанова,
Шымкент қалалық №7 емхананың бас дәрігері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.