Қалалық №11 емханада 4-ші санатты 2 бригада тәулік бойы жұмыс атқарады. Жыл басынан бері барлығы 5221 науқас 4-ші санатты шақыртуға жүгінген, оның ішінде балалар – 949, ересектер – 4235.
Емхана Қазығұрт, Сәуле, Ақжар, Ақтас шағынаудандарына толықтай 4-ші санатты жедел жәрдем көмегін көрсетуде.
Жеделдігі жағынан 4-ші санатқа жататын шақыртуларға емханалар қызмет көрсетеді. Бұл түнгі уақытта дәрігер шақырғанда таңға дейін күту керек дегенді білдірмейді. Тіркелген науқастарға тәулік бойы жәрдем көрсетіледі. Ең бастысы, емхана үйге жақын аумақта болуы, жедел жәрдем тезірек келуі үшін қажетті барлық мәлімет толық берілуі тиіс.
Мейірбек Айтматов,
Шымкент қалалық №11 емханасы бас дәрігерінің уақытша міндетін атқарушы