Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтың қала аумағындағы инфрақұрылым жүйелерін дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданының әкімі А.Әліқұлов және қалалық мәслихат депутаттары аудандағы абаттандыру жұмыстарының барысын аралады.

713

12 МЫҢ ТҰРҒЫНҒА – САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫ

Пятница, 10 Сентябрь 2021 04:30

Бүгінгі таңда Қаратау ауданында 47 мыңнан астам тұрғын үй бар. Оның 80 пайызға жуығы мемлекеттік қуат көзіне қосылған. Ал, қалғаны жекеменшік трансформатордан қуат алады. Қазірде Қаратаудағы бірнеше шағынауданда электр желілерін тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

712

Шымкентте соңғы төрт жылда «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 150 мыңнан астам адам оқып, Қазақстан бойынша 44 мың бизнес-жобаны іске асырды. Нәтижесінде 60 мыңға жуық жұмыс орны ашылған. Бұл саланы жандандырып, шаһарда орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау көрсетуде Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасы жанынан «Shymkent-Atameken» микроқаржы ұйымы құрылды. Енді «Бастау-Бизнес» бағдарламасының сертификатын алып, өз жобасын қорғаған тыңдаушылар жылдық 6% несие алуға үміткер бола алады.

706

«Барша жанды бауыр тартқым келеді»

Пятница, 10 Сентябрь 2021 04:22

Шымкенттіктер ертеректе Алматы кіші айналма жолы атап кеткен, қаланың солтүстік-батысындағы А-2 жолынан бастау алып, Бәйдібек би даңғылымен түйісетін күре жол бүгінде Қуаныш Төлеметов атына берілген. Осы көшеден өткен сайын қазақтың біртуар азаматы, қоғам қайраткері Қуаныш Төлеметовтей азаматтың есімі берілген көшенің бойында Шымкенттің жаңа бір бөлігі дамып, түрлі кешендер мен тұрғын үйлер бой көтеріп жатқаны қуантады.

702

Сәйгүлікке мініп жаттығып жүр

Пятница, 10 Сентябрь 2021 04:21

Шымкент «Цирк» мекемесінде «Жылқыға мініп жаттығу» шеберлік сағаты өтті. Оған қаладағы қосалқы мектеп-интернатының 15 оқушысы мен қызығушылық танытқан балалар және ата-аналар қатысты. Олар Шымкент-Цирк аумағында жаңадан ашылған ипподром алаңында жаттықты.

701

Жаңа маусымға - жаңа тыныспен

Пятница, 10 Сентябрь 2021 04:16

Күз – жаңалыққа толы мезгіл. Білім саласында жаңа оқу жылы басталып, балалар үлкен өмірге тағы бір қадам жасаса, мәдениет саласында театрлар шымылдығын түріп, ой салар, рухани бай дүниелерін ұсынып, көрермендерімен қауышады. Үшінші мегаполисте 6 театр бар. Олардың ішінде алғаш болып театр маусымын Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры ашса, өткен жұмада орыс драма театрының ұжымы көрермендерімен қайта қауышты. Ал, бүгін мегаполистегі қарашаңырақ Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры мен өзбек театры кезекті маусымын бастамақ.

700

sudialar-odagy

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының құрылғанына 25 жыл толады. Тарихи датаны 1996 жылы 19 желтоқсанда Алматы қаласында өткен судьялардың І съездінде бекіткен болатын. Ұйымның қуатты біріктіруші әлеуеті отандық сот жүйесін дамытатын іргетасқа айналды. Аталмыш одақтың арқасында судьялардың кәсіби ынтымақтастығы артып, біртұтастығын сақтап отыруға негіз болды.

Ширек ғасырға тең осы жылдар аралығында Судьялар Одағының 8 съезді өтті. Олардың әрқайсысы жаңа кезең үшін бағыт-бағдар берді, төзіндік ижеткілікті және тәуелсіз сот ждүйесінің даму тұстары мен құрылым координаттарын акйқындап, қалыптасқан дәстүрлерді ұрпақтар сабақтастығына жалғап, тәжірибені нығайтуға сеп бола түсті. Судьялар съезі алдағы төрт жылға арналған іс-қимыл стратегиясы мен басымдықтарды ғана емес, сондай-ақ сот төрелігін іске асырудың аса сезімтал салаларындағы жүйелі проблемалар мен кедергілер туралы ашық әрі кедергісіз талқылайтын, жоспар дайындайтын маңызды басқосы болып есептеледі.

Тәуелсіз елдің тыныштығы жолында, Ата Заңымызда бекітілген заң бойынша еңбек етіп жүрген заң саласының қызметкерлерінің еңбегі қашанда көзге көрінерліктей, мақтануға тұрарлықтай-ақ. Әділ шешім қабылдап, заң аясынан шықпай әділдікті талап етіп, анық-қанығына жету жолында барын салатын судьялардың ел үшін де, халық үшін еңбегінің маңызы зор. Судьялар одағының 25 жылдығы – жоғарыда аталған оқиғаның маңыздылығын ұғынуға, өткен жолды бағалауға, сот жүйеміздің жетістіктерін көрсетуге және міндеттерді белгілеуге үлкен мүмкіндік береді.

Осыдан 26 жыл бұрын бүкілхалықтық референдумда қабылданған еліміздің Ата Заңы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, тәуелсіз егемен мемлекет құру кепілдіктерін негізге ала отырып, қорғаушы күшке айналса, осы Ата Заң шеңберінде талай тындырымды істерді нәтижелі аяқтап жүрген Судьялар Одағының мүшелері. Бір-бірімен біте қайнасып жатқан сала мамандарының еңбегі елеуге, тойлануға әбден лайық деп білемін.

Судьялар Одағының Орталық Кеңесі Судьялар одағының 25 жылдығын мерекелеу туралы қаулы қабылдап, мерекеге дейінгі күндер маңызды әрі қызықты істермен, әлеуметтік жобалармен пайдалы іс-шаралармен ерекшеленіп, толығысады деп сенемін. Алдыңғы аға буынның жасаған мағыналы жұмыстары, сәтті еңбектері бүгінгі жас судьяларға үлкен серпіліс болары сөзсіз. Осы мерейтой қарсаңында байырғы аға буыннан ақыл алып, кемел келешегімізді жасауымыз керек.

Еркебұлан ТУЛЕШОВ,
Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының судьясы

bukaralyk-sport-antikor

«Antikor.Live» жобасы аясында Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаев аталған салада 8 айда атқарылған жұмыстармен таныстырды.

«Аntikor ortalyǵy» сервистік орталығының алаңында өткен эфир барысында спорттық үйірмелерді жан басына шаққандағы қаржыландырудың іске асырылуы, спорттық инфрақұрылымды дамыту, спорттық жетістіктер бойынша және т.б. ақпараттар берілді.

Бүгінгі таңда, қалада 4096 балаға 71 спорт түрінен тегін спорт секцияларын ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттен (жан басына шаққандағы қаржыландыру) 339,8 млн. теңге қаржы бағытталған. Одан бөлек, өткен жылғы 6 айдың қорытындысымен салыстырғанда қалада спорт нысандар саны 34 бірлікке артып, 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Бауыржан Тұманбаев спорттық жетістіктерге тоқталып, 2021 жылдың 8 айындағы көрсеткіште қала спортшылары спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары, кубоктары мен біріншіліктеріне қатысып, 408 алтын, 315 күміс, 352 қола медаль жеңіп алғанын айта кетті.

Сонымен қатар, басқарма тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында тұрақты түрде мекеме қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырғандығынан хабардар етті.

Страница 3 из 490