Прокурорлық қадағалау актісімен жеке кәсіпкердің құқығы қорғалды
Пятница, 05 Август 2022 05:58Еңбекші аудан прокуратурасы сот актілерін қадағалау кезінде Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 23.09.2021 жылғы қаулысымен жеке кәсіпкер Д.С.Д.-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабының 1-бөлігінде (бұдан әрі-Кодекс) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған, оған осы баппен 72 925 теңге әкімшілік айыппұл салу жазасы заңсыз тағайындағанын анықтаған.
Табиғатты пайдалан, зияныңды тигізбе!
Пятница, 05 Август 2022 05:20Шымкент қаласы бойынша экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Ермахан Қозыбаев 2022 жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмысты қорытындылады. Қалада мемлекеттік-экологиялық бақылау, экологиялық реттеу, зертханалық-талдау бағытында және мемлекеттік бағдарламалар бойынша тиісті жұмыс атқарылуда. Кәсіпорындардың ауаға зиянды шығарындыларын азайтуда талаптар қатаңдатылып, экологиялық талаптарды сақтамағандарға салынатын әкімшілік айыппұл көлемі артқан.
ЕЛ ТІЛЕГІ ЕСКЕРІЛЕДІ
Пятница, 05 Август 2022 05:17Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті бірыңғай қабылдауын өткізді. Қабылдауға 250-ден аса азамат келіп, олардың 170-ке жуығы қала әкіміне өтініштерін білдірді, қалғаны басқарма мен аудан әкімдіктері деңгейінде қаралды. Тұрғындар негізінен баспана, әлеуметтік сала және инфрақұрылым мәселелері, заңсыз құрылыс жөніндегі талап-тілектерін жеткізді.
ЕТ ӨНІМДЕРІН АРТТЫРУ МАҢЫЗДЫ ІС
Пятница, 05 Август 2022 05:162022 жылдың I жарты жылдығында ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі 93,2 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 23,3 млн АҚШ долларына артты. Тамақ өнімдерінің негізгі капиталына тартылған инвестицияның көлемі 2,3 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,1 есеге өсті. Бұл туралы қала әкіміне есеп беру кезінде ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Жанбатыров баяндады.
ӘДІСТЕМЕЛІК ОҚУЛЫҚ ТЕГІН ТАРАТЫЛАДЫ
Пятница, 05 Август 2022 05:13«Ерекше балалар» кітабы білім мекемелеріне тегін таратылуда. Оқулықты «AMANAT» партиясының бастамасымен ЖОО мен оңалту орталықтарына беру көзделуде. Кітаптың орыс тіліндегі нұсқасының авторлары – Ольга Мелешкевич пен Юлия Эрц.
ШЫМКЕНТТЕ АЛМАНЫҢ ЕРЕКШЕ ТҮРЛЕРІ ӨСІРІЛЕДІ
Пятница, 05 Август 2022 05:12Шымкент қаласындағы Алтын төбе елдімекенінде «Керемет сапа» шаруашылығы 15 гектар аумақта алма өсіруде. Мұнда алманың Голден, Пинк леди, Гренни смит, Фуджи секілді ерекше сұрыптары отырғызылған. Өнімдер ішкі нарыққа, яғни қаладағы сауда нүктелерінде сатылуда.
Ауруын жасырған...
Пятница, 05 Август 2022 05:03Шымкент қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі тобының қызметкерлері әйелдерге қатысты қылмыстың алдын алу және жолын кесу бағытында мақсатты жұмыстар атқаруда.
ҚАРАПАЙЫМ ҚАҺАРМАН
Пятница, 05 Август 2022 04:58Шымкенттегі Кеңес Одағының Батыры генерал Сабыр Рақымов атындағы «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушісі демалыс кезінде Түркістан облысында суға батып бара жатқан баланы құтқарды.