Алтын құрсақты аналар ардақталды
Среда, 06 Март 2024 05:27Жыл сайын 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні қарсаңында алтын құрсақты аналарымызды «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгісімен марапаттау дәстүрге айналып келеді. Мереке қарсаңында Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек аудандағы көпбалалы 9 анаға «Алтын алқа», 32 анаға «Күміс алқа» табыстады.
«ТҰҒЫРЫ БИІК АЯУЛЫ АНАЛАР»
Среда, 06 Март 2024 05:26Шымкентте «TEN QOGAM» әлеуметтік қолдау орталығының ұйымдастыруымен ерекше бала тәрбиелеп отырған аналарға арналған «Тұғыры биік аяулы аналар» атты салтанатты жиын өтті.
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҰЛЫҚТАЛДЫ
Среда, 06 Март 2024 05:25Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығы мен «Шымкент қалалық Әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мереке қарсаңында «Әйел бақыты – қоғам айнасы» тақырыбында кездесу өтті.
ЖАС МАМАНДАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТТІ
Среда, 06 Март 2024 05:19Шымкент – күн санап көркейіп келе жатқан қала. Мегаполис аумағы кеңейіп ғана қоймай, барлық саласы қатар дамуы тиіс. Оның ішінде туризмнің де алар орны бөлек. Шымкент қалалық туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы туризм саласындағы студенттер мен түлектерді қолдау мақсатында форум өткізді.
ИНВЕСТИЦИЯ – ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ
Среда, 06 Март 2024 05:17Еліміз жаңа экономикалық серпіліс қарсаңында тұр
Жақында өткен Қазақстан Републикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық экономиканы дамыту бойынша алда тұрған жұмыстың бағыт-бағдарын айқындап көрсетіп берді. Президент ең басты мақсат 2029 жылға дейін жалпыұлттық ішкі өнімнің көлемін екі есе арттырып, 450 миллиард АҚШ долларына жеткізу екенін атап өтті. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін өнеркәсіп секторын, әсіресе өңдеу өнеркәсібі мен шағын және орта бизнеске қолдау көрсету керек екені белгілі.
Сәнгерлер салтанаты
Среда, 06 Март 2024 04:51Елімізде жыл өткен сайын сән индустриясы қарқынды даму үстінде. Отандық өнімдер мен брендтер елімізде ғана емес, шетелдік сән көрмелерінде де алдыңғы қатардан көрініп жүр. Осы орайда өткен аптада Шымкент қаласында SHYMKENT POP UP STORE сән көрмесінің ашылуына орай баспасөз конференциясы өтті. Бұл көрме Қазақстанда жасалған өнімдерді дамытуға және қолдауға бағытталған. Көрме биыл 11-ші рет өткізіліп отыр.
АТАМБАЙ, МҰСА, МУСЛИМ
Среда, 06 Март 2024 04:502024 жылдың екінші үшемі
Шымкентте 2024 жылдың екінші үшемі дүниеге келді. №2 қалалық ауруханаға қарасты перзентхана дәрігерлері мерзімінен бұрын туылған сәбилерді күтіп-баптап бүгін шаңырақтарына шығарып салды. Наргиза Әшірметованы дәрігерлер ақпанның 2-сі күні кесарь тілігі арқылы босандырып алған.
Өңірлік кадр резерві: кім қатыса алады?
Пятница, 01 Март 2024 11:261 наурызда Өңірлік кадр резервіне іріктеу басталады.
Іріктеуге жоғары білімі және кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар 35 жастан аспаған Қазақстан азаматтары қатыса алады.
Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған адамдар, саяси қызметшілер, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері, Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар өңірлік резервке іріктеуге қатыса алмайды.