КІТАП ОҚЫҒАННАН ЖАМАН БОЛҒАН ЖОҚПЫЗ
Вторник, 02 Апрель 2024 06:35Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында интернетті талғамсыз пайдалану бала тәрбиесіне теріс ықпал етіп жатқанын, өкінішке қарай, бүгінде балалар түгілі, ата-аналардың да әлеуметтік желідегі мағынасыз контентке тым әуестеніп кеткеніне қынжылысын білдірді.
Президент Боао Азия форумында азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін көтерді
Вторник, 02 Апрель 2024 06:24Мемлекет басшысы Боао Азия форумының пленарлық сессиясында сөйлеген сөзінде азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты ахуалға тоқталды.
АЛҒАШҚЫ ЖАРНАНЫ МЕМЛЕКЕТ СУБСИДИЯЛАЙДЫ
Вторник, 02 Апрель 2024 06:23Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу шарттарын жеңілдету туралы тапсырма берді.
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізді
Вторник, 02 Апрель 2024 06:22Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысы өтті.
НАУРЫЗ – ЫРЫС ПЕН ЫНТЫМАҚТЫҢ БАСТАУЫ
Среда, 20 Март 2024 00:00Құрметті Шымкент тұрғындары мен қала қонақтары!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Әз Наурыз – қоғамдағы татулық пен бірліктің, тұрақтылық пен келісімнің, ізгілік пен мейірімнің мерекесі. Жыл басы саналатын бұл мейрам табиғаттың ғана емес, адам рухының да жаңаруының белгісі.
АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНАН САҚТАНЫҢЫЗДАР!!!
Понедельник, 01 Апрель 2024 15:34Шымкент қаласы полиция департаменті ескертеді!⠀
⠀
Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары соңғы уақытта интернет-алаяқтықтың белең алуы жиілеп барады. Республика бойынша соңғы екі айда Қазақстандықтар 4 млярд теңгесінен айырылған, яғни алаяқтардың қалтасына салып берген.⠀
⠀
Алаяқтардың басым көпшілігі түрлі ақпараттар мен ескертулерді адамның іш-бауырына кіріп, шын мәнінде полиция, әділет органдарының қызметкері, сот орындаушы т.т. болып хабарласып, жеке азаматтың дерек көздері мен есеп счеттарын сұрап, сенімге кіруге тырысады.
Мұндай жағдайда тұтқаны қоя салу қажет.⠀
Қажет болған жағдайда өз банкіңіздің менеджерімен немесе 102-ге телефон шалғаныңыз дұрыс.
Сумен жабдықтау және су бұру қызметін тұтынушылардың назарына!
Среда, 28 Февраль 2024 00:00"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің әкімшілігі 2024 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап сумен жабдықтау және су бұру қызметі үшін сараланған тарифтің енгізілуіне байланысты, Сіздің тұрғын үйіңізге тіркелген тұлғалардың санын растауыңыз керектігін ескертеді.