Үшінші мегаполистегі Достық шағынауданындағы автоХҚО сенбі күндері жұмыс істейді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қалалық филиалы бұл орталықтың жұмыс кестесі 24 қыркүйектен бастап өзгеретінін хабарлайды.
Енді кезекші мамандандырылған ХҚО сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал дайын құжаттарды сағат 09.00-ден 15.00-ге дейін алуға болады.
Жұмыс күндері автоХҚО-ның кестесі өзгеріссіз – 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді (дүйсенбі-жұма).
Еске сала кетейік, автокөлікті eGov.kz порталы, eGov.kz, Kaspi және Halyk Homebank қосымшалары арқылы ресімдеуге болады.