Сайлау

Пятница, 14 Октябрь 2022 09:54 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2585 раз

БҰЙРЫҚ

Шымкент қ. № 18-ө 2022 жылғы 11 қазан

2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу аясында Қазақстан Республикасы Президенттігіне тіркелген кандидаттарға «Shymkent kelbeti» газетінде орын берудің шарттары мен тәртібі туралы

2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу аясында Қазақстан Республикасының Президенттігіне тіркелген кандидаттарға баспа алаңын беру бөлігінде Қазақстан Республикасы сайлау заңнамасының талаптарын мүлтіксіз орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу аясында Қазақстан Республикасының Президенттігіне тіркелген кандидаттарға «Shymkent kelbeti» газетінде баспа алаңын берудің шарттары мен тәртібі туралы ереже бекітілсін (1-қосымша).

2. 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу аясында Қазақстан Республикасының Президенттігіне тіркелген кандидаттарға «Shymkent kelbeti» газетінде баспа алаңын ұсынғаны үшін төлем мөлшері бекітілсін (2-қосымша).

3. Осы бұйрық 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу аясында тіркелген Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға «Shymkent kelbeti» газетінде баспасөз алаңын беру шарттары мен тәртібі туралы Ереже «Shymkent kelbeti» газетінің кезекті санында жариялансын (ішкі ұйымдастырушылық сипаты бар 4-8-тармақтарды қоспағанда).

4. 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу аясында Қазақстан Республикасының Президенттігіне тіркелген кандидаттарға «Shymkent kelbeti» газетінде баспа алаңын беру туралы үлгі шарт бекітілсін (3-қосымша).

5. "Шымкент ақпараттық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарнама қызметіне:

1) 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу аясында Қазақстан Республикасының Президенттігіне тіркелген кандидаттарға «Shymkent kelbeti» газетінде баспасөз алаңын берудің шарттары мен тәртібі туралы осы бұйрықпен бекітілген Ереженің сөзсіз сақталуын қамтамасыз етсін;

2) Осы бұйрықтың 3-тармағының орындалуын қамтамасыз етілсін;

3) Осы бұйрықтың көшірмесін орталық және облыстық сайлау комиссияларына қосымшаларымен бірге (ішкі ұйымдастырушылық сипаты бар 4-8-тармақтарды қоспағанда) ұсынылсын;

4) Осы бұйрықтың көшірмесін "Шымкент ақпараттық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қатысушысының өкілетті өкіліне (қатысушының өкілетті өкілінің міндетін атқарушы тұлғаға) қосымшаларымен толық көлемде ұсынуға міндетті.

6. Серіктестіктің жарнама және есеп бөлімі 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу аясында тіркелген Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға осы бұйрықтың 2-қосымшасында белгіленген мөлшерде және 100 пайыздық алдын ала төлем нысанында «Shymkent kelbeti» газетінде баспа алаңын ұсынғаны үшін ақы алуды қамтамасыз етсін.

7. Осы бұйрық қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

Директор                 Н. ОРИМБАЕВ

 

«Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС
директорының 2022 жылғы 
11 қазандағы № 18-ө бұйрығына
№1 қосымша

2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу аясында Қазақстан Республикасы
Президенттігіне тіркелген кандидаттарға
«Shymkent kelbeti» газетінен баспа алаңын ұсыну тәртібі және төлем жасау мөлшері туралы
Е Р Е Ж Е

1. Жалпы ереже

1. 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу аясында Қазақстан Республикасының Президенттігіне тіркелген кандидаттарға «Shymkent kelbeti» газетінен баспасөз алаңын ұсынудың шарттары мен тәртібі туралы бұл ереже /бұдан әрі - Ереже/ Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдылығы шеңберінде жасалып, 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізудің барлық кезеңінде «Shymkent kelbeti» газетінде сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың төртібін ұсынады.

2. Бұл ережені қолдану кезінде 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу аясында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың қайсысын жақтап, не қарсы дауыс беруге шақырған сайлаушылардың ынтасын оятуға үнде- ген кез келген материал оның көлемі мен тақырыбына қарамастан сайлау алдындағы үгіт-насихат материалы деп танылады. Соның ішінде мына мазмұндағы материалдар:

1) Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарды жақтап немесе қарсы дауыс беруге шақырған үндеулер;

2) Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарға қатысты тура немесе жанама ықылас білдіру, оның ішінде сайлаушы /сайлаушылар тобы/ Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың қай-қайсысын жақтап дауыс беретіндігі көрсетілуі тиіс;

3) Сайлау қорытындысының мүмкін болатын жағымды немесе жағымсыз әсерлер туралы пікірлер;

4) Сайлаушылардың осы кандидат туралы жағымды немесе жағымсыз пікірлерін қалыптастыруға қабілеті бар Қазақстан Республикасы Президенттігі- не кандидаттың іс-қимылы (немесе үнсіз отыруы) туралы мәліметтер;

5) Сайлауға қатысты қоғамдық пікір сауалнамаларының қорытындысы.

3. «Shymkent kelbeti» газетінде сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялау 2022 жылғы 21 қазанда басталып 2022 жылдың 18 қарашасында аяқталады (Түпкілікті).

4. «Shymkent kelbeti» газетінің редакциясы сайлауалды үгіт-насихат материалдарын, егер ол республиканың Конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық жөне рулық астамшылықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты, сондай-ақ заңда қаралмаған әскери құрылымдардың құрылуын насихаттаған мазмұнда болса, ондай мәліметтерді (материалдарды) жариялаудан бас тартады.

5. «Shymkent kelbeti» газетінің редакциясы Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың арына, адамгершілігі мен іскерлік қабілетіне дақ түсіретін мәліметтерді (материалдарды), егер мұндай ақпарат редакцияға тиісті құжаттармен қуатталып ұсынылмаған жағдайда жариялаудан бас тартады.

6. «Shymkent kelbeti» газетінің редакциясы мынадай жағдайда сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудан бас тартады:

- егер жарияланымның қаржыландыру көзі туралы мәлімет жоқ болса, сонымен қатар ол Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Заңымен рұқ- сат етілмеген көздерден қаржыландырылса;

- сайлауалды үгіт-насихат материалдарын орналастыратын адамның (өкілдің) өкілеттігі тиісті құжаттармен қуатталмаса;

- егер ұсынылған материал бірнеше беттен тұратын жағдайда оның әрбір бетінде Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың немесе өкілетті адамның қолы болмаса;

- қандай да бір заңды тұлғаның бет-бейнесі бар сайлауалды үгіт-насихат материалдары бойынша егер әлгі адамның жазбаша рұқсаты болмаса (ол егер қайтыс болған жағдайда оның заңды мұрагерінің жазбаша рұқсаты керек) ондай заңды тұлғаның бет-бейнесін сайлауалды үгіт-насихат материалында пайдалануға;

- «Shymkent kelbeti» газетінен баспасөзге орын беру жөніндегі келісім- шарт пен осы Ережеде бекітілген сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың ақысы мерзімінде төленбесе.

7. Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудан бас тартқан жағдайда Қазақстан Республикасының Заңдарымен белгіленген тәртіп бойынша наразылық келтірілуі мүмкін.

8. «Shymkent kelbeti» газеті редакциясының лауазымды тұлғалары сайлауалды науқан барысында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың Қазақстан Республикасы «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 29-бабы 1-тармағында көрсетілген материалдарды жариялаудан басқа, айтылған сөздер үшін жауапкершілікті мойнына алмайды.

9. Егер сот жарияланған сайлауалды үгіт-насихат материалдарын Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың ар-намысына, адамгершілігі мен іскерлік қабілетіне дақ түсірген деп тапса, онда «Shymkent kelbeti» газетінің редакциясы таяудағы нөмірлерінің бірінде тиісті адамға басылым бетінен сол бетке, сол көлемде және сол әріппен ар-намысын, адамгершілігін, іскерлік қабілетін қорғау мақсатында қарсы материал жариялауға мүмкіндік береді.

Қарсы материал жариялау жөніндегі өтінішке Қазақстан Республикасы Пре- зиденттігіне кандидаттың ар-намысына, адамгершілігі мен іскерлік қабілетіне дақ түсіргендігі туралы сот шешімінің көшірмесі қоса тігілуі тиіс.

2. Сайлауалды үгіт-насихат жүмыстарына материал ұсыну мен жариялаудың тәртібі

10. «Shymkent kelbeti» газетінде Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялауға мына жағдайлар негіз болып табылады:

- «Shymkent kelbeti» газетінің директор-бас редакторының атына жазылған мүдделі тұлғаның тиісті өтініші. Мүдделес тұлға (бұдан әрі — Өтініш беруші) болып Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың өкілетті адамы саналады:

- «Shymkent kelbeti» газетімен Өтініш беруші арасында жасалған сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялау жөніндегі (баспасөзден орын беру) келісімшарт;

- сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялау үшін 100 пайыздық төлемақы.

11. «Shymkent kelbeti» газеті редакциясы өтінішке және жариялауға қабылдаған материалға тігілуге тиіс өтініш берушінің өкілеттігін растайтын құжаттардың көшірмесін жасап беруге құқылы.

12. Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын қабылдау мерзімі осы Ереженің 10-тармағында көрсетілгендей, сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялауға негіз болып табылатын соңғы іс-әрекетті орындау мерзіміндегі жұмыс күні болып табылады.

Заңдық мониторингі қорытындысында сайлауалды үгіт-насихат материал- дары Қазақстан Республикасының сайлау заңдылығының талаптарына жауап бере алмайтын болса, оны өкелген екінші күн қабылдау күні болып саналады (««Shymkent kelbeti» газеті редакциясының материалдарды қабылдау туралы белгісі бойынша қателіктер жойылғаннан кейінгі күн).

13. Өтініш беруші сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялау жөніндегі өтініште материалды жариялаудың мерзімі туралы ұсынысын (««Shymkent kelbeti» газетінің шығу мерзімін есепке алғанда) және орналаса- тын орнын (газет бетінің жоғары, төмен бөлігі, «Shymkent kelbeti» газетіндегі «Қазақстан Республикасының Президент сайлауы» тақырыптық бөлімінің бірінші, екінші және т.б. беттері) көрсете алады.

Материалды жариялау мерзімі сайлауалды үгіт материалы қабылдауға тапсырылған күннен 3(үш) жұмыс күнінен кешіктірілмеуі тиіс.

Талап етілген бет алаңы «Shymkent kelbeti» газетінің бір шығарылымындағы бір стандартты газет бетінен жоғарыламауы тиіс.

14. Бірнеше Тапсырыс берушінің бір күнтізбелік күнге және сайлау алдындағы үгіт материалдарын қабылдау уақыты, сайлауалды үгіт материалын (материалдарын) ұсыну белгіленген орны «Shymkent kelbeti» газетінің бір шығарылымына қатар келіп қалған жағдайда мұндай Тапсырыс берушілердің арасында жеребе тасталады.

Жеребенің өткізілетін күнін, уақыты мен орнын «Shymkent kelbeti» газетінің редакциясы белгілейді. Сонымен қатар, жеребе тастау оның әлеуетті қатысушыларына хабарлама жіберілген сәттен бастап, 24 сағат өткеннен ерте басталмауы тиіс.

Жеребе өтетін күні, уақыты және орны туралы өтініш берушілер жазбаша түрде (факспен, электронды почтамен немесе басылым алаңын ұсыну туралы келісімшартта көрсетілген мекенжайға арнайы) хабарлайды.

Жеребе тастауға қатысу үшін хабарландырылған Өтініш берушінің келмей қалуы оны өзгертуге негіз болып табылмайды. Мұндай жағдайда жеребе тастауға қатысқан Өтініш берушілердің арасында өтеді. Жеребе тастауға қатыспаған Өтініш берушілердің қатысу кезегі Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 37-бабымен реттелетін тәртіпке сәйкес белгіленеді.

Жеребеге қатыспаған Өтініш берушінің сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру реттілігін «Shymkent kelbeti» газетінің редакциясы, Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық заңы 37-бабының ережелері есебінен дербес анықтайды. Жеребе өткізу кезінде сайлауалды үгіт мате- риалдарын (1, 2, 3 және одан ары жеребеге қатысушы Өтініш берушілердің саны бойынша) орналастыру реттілігі анықталады. Жеребе тастау нәтижесінде 1 нөмірді алған Өтініш берушінің сайлауалды үгіт материалдары оны орналас- тыруға тапсырыс берген орнына орналастырылады. Жеребеге басқа қатысу- шылардың сайлауалды үгіт-насихат материалдары басқа тапсырыс беруші- лердің материалдарынан кейін (материалдардың орналасу орны тікелей орналасу орнынан кейін орналасуына тапсырыс берілген, бірақ жеребе заты табылмаған) жеребенің қорытындысы бойынша алған нөмірлік тәртібімен орналасады.

Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын орналастыру орнына жеребе тастау қорытындысы дауласуға жатпайды.

15. Сайлауалды үгіт-насихат материалы қазақ тілінде (бұқаралық ақпарат құралында есепке қою туралы куәлігінде белгіленген тілде) бір дана болып қағазға басылған түрде қабылданады.

Өтініш берушінің қалауымен сайлауалды үгіт-насихат материалы қағазға басылғанымен, бір мезетте электронды түрде «Shymkent kelbeti» газеті редакциясымен келісілген электронды нұсқада) ұсынылуы мүмкін.

Сайлауалды үгіт-насихат материалында қаржыландыру көзі туралы мәлі- мет көрсетілуі жөне Тапсырыс берушінің қолы қойылуы, әр бетіне виза қойылуы (егер ұсынылған баспа беті бір данадан асатын болса) тиіс.

Сайлауалды үгіт-насихат материалында бейне, сурет және т.б. салынған болса, тиісті нұсқада және жариялауға қажетті сапаны қамтамасыз ете алатын «Shymkent kelbeti» газеті редакциясымен келісілген) тасымалдағыш нұсқада ұсынылады.

16. Сайлауға байланысты қоғамдық пікірдің сауалнамасының қорытындысы туралы материалдарда сауалнаманы жүргізген ұйым, сауалнаманы жүргізген, сауалнамаға тапсырыс берген және ақысын төлеген тұлғалар, сауалнаманың жүргізілген уақыты, ақпаратты жинақтау әдісі, сауалнамаға қатысқандардың саны және сауалнаманың нәтижесінің айырмашылық коэффициенті көрсетілуі тиіс.

17.«Shymkent kelbeti»» газетінің кезекті шығарылымына сайлауалды үгіт материалдарын жариялауға қабылдау газеттің сол шығарылымына басуға тапсырғанға дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын сағат 18.00-де аяқталады.

Жеребе өткізу және «Shymkent kelbeti» газетінің кезекті шығарылымына жарияланатын сайлауалды үгіт-насихат материалдарына арналған осы Ережеде көзделген басқа да шаралар газеттің сол шығарылымына басуға тапсырғанға дейін бір күн бұрын сағат 18.00-ге дейін аяқталуы тиіс.

18. «Shymkent kelbeti» газеті редакциясы сайлауалды үгіт-насихат мате- риалына ұсынылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей заңгерлік мониторинг жүргізуге құқылы.

Заңгерлік мониторинг нәтижесінде сайлауалды үгіт материалының Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтіні анықгалған жағдайда «Shymkent kelbeti» газеті редакциясы оны жариялауды тоқтатып, ол туралы Өтініш берушіге (факспен, электронды почтамен немесе басылым алаңын ұсыну туралы келісімшартта көрсетілген мекенжайына арна- йы) Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілеріндегі нақты ережеге сілтеме жасай отырып, сайлау заңнамасының бұзылғанын анықтаған мөнін көрсете отырып хабарлама жібереді.

Сайлауалды үгіт материалының Қазақстан Республикасы сайлау заңнама- сының талаптарына сәйкес келмейтіні туралы «Shymkent kelbeti» газеті редакциясының хабарламасын алғаннан кейін тапсырыс беруші анықталған сәйкессіздікті түзетуге немесе (жазбаша нұсқада) сайлауалды үгіт материалын (материалдарын) жариялау туралы (толығымен немесе белгілі бір бөлігін) өтінішін қайтып алуға құқылы.

19. Тапсырыс беруші сайлауалды үгіт материалын (материалдарын) жариялау туралы өз өтінішін (толығымен немесе белгілі бір бөлігін) өз бастамасы бойынша материалдың жариялау күні белгіленгенге дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей қайтарып алуға құқылы.

20. Материалды жариялау туралы өтініш қайтарып алынған жағдайда «Shymkent kelbeti» газеті редакциясы Өтініш берушінің осы қайта шақыруы туралы хабарламасын алған сәттен бастап тоқтатылады.

Мұндай жағдайда сайлауалды үгіт-насихат материалына (материалдарына) басылым алаңын ұсыну туралы келісімшарт бойынша төленген ақша шақыры- лып алынған жарияланым бағасының 50 (елу) пайыз мөлшерінде тұрақсыздық сомасы шегеріліп, тапсырыс берушіге қайтарылады.

3. Қорытынды ереже

21. Осы Ереже Өтініш берушінің танысуына, одан сайлауалды үгіт-насихат материалын (материалдарын) жариялау туралы өтініш қабылданған кезде ұсынылып жөне сайлауалды үгіт-насихат материалын (материалдарын) жариялау үшін басылым алаңын ұсыну туралы келісімшарт жасалады.

 

«Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС
директорының 2022 жылғы 
11 қазандағы № 18-ө бұйрығына
№2 қосымша

2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан
Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу аясында Қазақстан Республикасының Президенттігіне
кандидаттыққа тіркелгендерге «Shymkent kelbeti» газетінде орын берудің төлемақы мөлшері.

1. Қазақстан Республикасы «Сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабы 3-тармағына сәйкес мемлекеттен бөлінген қаржы есебінен төленетін сайлауалды материалдар:

- бірінші бетке 1 ш.см - 500 теңге

- ішкі беттерге 1 ш.см - 250 теңге

- соңғы бетке 1 ш.см - 300 теңге

- сайтқа жариялау - 100 000 теңге.

ЕСКЕРТУ: Көрсетілген баға Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттыққа тіркелгендердің бәріне бірдей қатысты болып табылады.

 

«Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС
директорының 2022 жылғы 
11 қазандағы № 18-ө бұйрығына
№3 қосымша

2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан
Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу аясында Қазақстан Республикасының Президенттігіне
кандидаттыққа тіркелгендерге «Shymkent kelbeti» газетінде орын беру туралы
Үлгі шарт

Шымкент қаласы                                                                                                                   2022 жылғы __ ______

"Шымкент ақпараттық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, бұдан әрі Шарттың мәтіні бойынша Баспагер деп аталады _____________________________________ _______________________________________ (лауазымы, тегі, аты-жөні), бір жағынан жарғы мен лауазымдық өкілеттіктер негізінде әрекет ететін және Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат______________________ __________________________________________________ (кандидаттың уәкілетті өкілі тұлғасында Тегі, Аты, Әкесінің аты толық) _____________ ____________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты толығымен), негізінде әрекет етеді____________________________________ _______________________________________________(өкілеттіктерді куәландыратын құжаттың егжей-тегжейлі деректемелері), бұдан әрі Шарттың мәтіні бойынша Тапсырыс беруші деп аталатын, екінші жағынан, бірге Шарттың Тараптары деп аталатын, төмендегілер туралы осы Шартты жасасты.

1. ШАРТТЫҢ МӘНІ

Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде оны қолдау үшін сайлау алдындағы үгіт материалдарын жариялауды тапсырады, ал баспагер мұндай материалдарды осы Шартта белгіленген тәртіппен, талаптармен және мерзімдерде «Shymkent kelbeti» газетінде орналастыруға міндеттенеді.

2. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Осы Шарттың талаптарын орындау "Шымкент ақпараттық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының 2022 жылғы 11 қазандағы №18-ө бұйрығымен бекітілген 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу аясында Қазақстан Республикасының Президенттігіне тіркелген кандидаттарға «Shymkent kelbeti» газетінде баспа алаңын берудің талаптары мен тәртібі туралы ережені (бұдан әрі Шарттың мәтіні бойынша – ереже) сақтай отырып жүзеге асырылады.

3. МАТЕРИАЛДАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ

3.1. Тапсырыс беруші осы Шарт шеңберінде жариялау үшін ұсынылатын сайлау алдындағы үгіт материалдарының (бұдан әрі - материалдар) мазмұнын дербес айқындайды.

3.2. Материалдарды Тапсырыс беруші баспа түрінде және баспагермен келісілген электрондық жеткізгіштерде ұсынады.

Тапсырыс берушінің жазбаша талабы бойынша оларға берілген материалдарды баспаға шығарар алдында орналастыру макеті бекітілуге тиіс (осындай макетке бұрыштама қою арқылы).

3.3. Тапсырыс беруші өз атынан дербес және өз есебінен осы Шарт шеңберінде баспагерге берілген материалдардың мазмұнына жауапты болады.

3.4 Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде мазмұны немесе нысаны тыйым салуға жататын сайлау алдындағы үгіт материалдарын жариялауға жол берілмейді.

3.5. Материалдарды орналастыру Тапсырыс беруші белгілеген және Төлеген газет алаңы шегінде жүзеге асырылады.

Тапсырыс беруші бұл туралы баспагерге осы материалды жариялау көзделген газет нөмірі шыққанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей ескерту арқылы резервтелген газет алаңын азайта алады.

4. ЖАРИЯЛАНЫМНЫҢ КӨЛЕМІ, МЕРЗІМІ, ҚҰНЫ ЖӘНЕ ТӨЛЕМІ

4.1. Тапсырыс берушінің қалауы бойынша осы Шарт аясында Тапсырыс берушіге берілетін газет алаңының көлемі, ұсынылатын газет алаңын және Тапсырыс берушінің өтінішін ескере отырып, материалдарды орналастыру орны, сондай-ақ жарияланған күні Ережеге сәйкес айқындалады. Тапсырыс берушінің өтініші бойынша оған материалдарды орналастыру орнын және жарияланған күнін резервтеу туралы жазбаша растау беріледі.

4.2. Осы Шарт шеңберінде материалдарды жариялау құны 4.1-тармақта айқындалған көлемде ______ (____________________) теңге.

4.3. Осы Шарт шеңберінде материалдарды жариялау құнын төлеуді Тапсырыс беруші сайлау қорының қаражатынан жүзеге асырады_________ ______________________________________________________(қордың атауы) _________________ (осы Шартқа қол қойылған күннен бастап 5 (бес) банктік күннен кешіктірілмейтін мерзімде.

5. ЕРЕКШЕ ШАРТТАР

4.1. Тапсырыс беруші осы Шарттың талаптарын жасасу, төлеу және орындау мақсатында баспагерге берілген мәліметтердің дұрыстығына толық жауапты болады.

4.2. Осы Шартты жасасу шарттың бір тарапының Шарттың екінші тарапының міндеттемелері бойынша үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілігін көздемейді.

4.3. Шарт тараптарының (баспагердің және Тапсырыс берушінің) міндеттемелері шарт бойынша оның қолданылуын тұжырымдау кезінде Тараптың міндеттемесіне сілтеменің болуына қарамастан, осы Шарттың ережелерінен тікелей туындайды.

5. ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ ТӘРТІБІ

5.1. Осы Шарт шартқа екі тарап қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және онда көзделген міндеттемелер мен талаптар толық орындалғанға дейін қолданылады.

5.2. Осы Шартқа өзгерістер мен толықтырулар Шарттың екі тарапының жазбаша келісімі бойынша енгізіледі.

5.3. Осы шартты мерзімінен бұрын бұзуға шарттың екі тарапының өзара келісімі бойынша жол беріледі.

5.4. Осы Шарт бойынша тараптардың даулары мен келіспеушіліктері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

5.5. Осы Шарт бірдей заңды күші бар орыс тілінде (біреуі - баспагерге, біреуі - Тапсырыс берушіге) екі баспа данада жасалды.

ТАРАПТАРДЫҢ ЗАҢДЫ МЕКЕНЖАЙЛАРЫ МЕН ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:

Баспагер: "Шымкент ақпарат орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік 1635-1958-ЖШС 13.03.2012 ж. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Қарасу, 66/6. Уақытша нақты мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 112.

БСН 110140014491, ЖСК KZ986010291000141831, БСК HSBKKZKX, коды 17, "Қазақстан Халық Банкі" АҚ. Осы Шарттың мақсаттарында қолданылатын: Тел. +7 (7252) 32-50-20, E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Тапсырыс беруші: ______________________________ (Тегі Аты, Әкесінің аты), ________________ (куәландыратын құжаттың атауы тұлға) ___________________________________________ (жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, Берілген күні, қандай орган берген), ___________________________________________ (өкілеттігін куәландыратын құжаттың толық деректемелері).

 

ТАРАПТАРДЫҢ ҚОЛДАРЫ:

"Баспагер"
"Шымкент ақпарат орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры
______________ Н. Оримбаев
___________ 2022 жылғы

"Тапсырыс беруші"
__________________________________________________
___________________________________________________________
_________________
____________ 2022 жыл

Последнее изменение Пятница, 14 Октябрь 2022 12:05
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.