Шымкенттіктер жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыра алады

Понедельник, 17 Октябрь 2022 12:17 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2543 раз

Қазіргі таңда жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады. Ол үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ. «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы Шымкент қалалық филиалының өкілдері осылай деп еске салады. Бұл қызметті eGov.kz порталы арқылы онлайн жасауға, сондай-ақ, банктердің мобильді қосымшалары арқылы ауыстыра алатынын естеріңізге саламыз.

– Жүргізуші куәлігін кез келген уақытта eGov.kz порталы және Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы ауыстыруға болады. Бұл әдіс ұзын-сонар кезекте тұру мәжбүрлігінен құтқарып қана қоймай, уақытты үнемдеуге де мүмкіндік береді, - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстыру қызметін алу оңай әрі жылдам. Алдымен еgov.kz порталына немесе банк қосымшасына кіріп, өтінішті толтыру қажет. Ары қарай керекті автоХҚО-ны таңдап, электронды цифрлық қолтаңбамен өтінішті растау қажет. Өтінішпен қоса фотосурет және қойған қолының скан-суреті де жолданады. SMS хабарлама келген соң таңдаған автоХҚО-ға барып, дайын жүргізуші куәлігін алып кетуге болады.

Егер жүргізуші куәлігіңіздің мерзімі өтіп кетсе, психиатрлық және наркологиялық диспансерден анықтама, 073-нысандағы медициналық анықтаманы ұсыну қажет.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.