Мемлекеттік қызметшінің әдебі – қоғам айнасы

Пятница, 24 Февраль 2023 06:37 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 4859 раз

Мемлекеттік қызмет қоғам мен мемлекет тарапынан жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылады. Сондықтан олар өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін кәсіби қызметіне жұмсауға міндетті.

Бүгінде мемлекеттік қызметшілердің жұмысы, іс-әрекеті мен қызметтік әдебі үнемі бақылауда. Олар әдеп кодексінің талаптарын сақтап, тәртіптік теріс қылықтарға жол бермеу керек.

Бәсекеге қабілетті мемлекеттік қызмет жүйесінің қалыптасуында мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігімен қатар олардың әдептілігі де маңызды. Себебі, әдептілік – мемлекеттік қызметтің басты ұстанымдарының бірі. Мемлекеттік қызметшілердің өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығын, әділдігін және ашықтығын қамтамасыз ету, өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбау, азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілікті және ресми мінез-құлық қағидаларын ұстану қажет. Өз кезегінде мемлекеттік қызметшілердің халықпен өзара қарым-қатынасының негізгі көрсеткіші – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдау, халықтың сұранысына бағдарлануына тиіс. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта да, әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге, өзге желі пайдаланушылармен сөйлесу кезінде сыпайылық танытуға, шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттарды таратпауға, өзінің іс-әрекетімен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға міндетті.

Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттардың сақталуына жүйелі бақылау жүргізу, өз кезегінде мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарының және қызметтік әдеп нормаларының бұзылуының алдын алуына мүмкіндік туғызады.

Әрбір мемлекеттік қызметші алдымен халыққа қызмет етеді. Осыны естен шығармау маңызды. Шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге, өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан сынға ұшырамауға, мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмеуі керек.

М.АКИШЕВ,
Шымкент қаласы әкімі аппаратының
Әдеп жөніндегі уәкілі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.