Жемқорлыққа қарсы күрес

Пятница, 15 Март 2019 00:00 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2630 раз

Мелекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыда құқық бұзушыларға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де,жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік  орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі.

Бірінші кезекте пара беру себептерін, пара алу жағдайларын түп-тамырын жоюға қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Яғни пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай,қоғамдық сана қалыптасуы қажет.

Елбасы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болды» деп көрсетті. Яғни, бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай,әрі қарай жалғасын табады деген сөз.

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Елбасымыз айтып өткендей, дамыған елу елдің қатарына қосылу үшін  басты мәселе сыбайлас жемқорлықпен күрес, алдын ала болдырмау шараларын жүргізу.

Елбасының саясатын қолдай отырып,еліміздің экономикасын өркендету мақсатында біздер, яғни Қазақстан Республикасының әрбір азаматы заң бұзушылықтарды болдырмауға және сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуге ат салысу керек.

 

Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік

кірістер басқармасының бөлім басшысы

                И.Рахманберді

Последнее изменение Вторник, 19 Март 2019 10:03
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.