Контрафакт өнімімен күресу және зияткерлік меншік объектілерін қорғау

Вторник, 26 Ноябрь 2019 04:45 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 4896 раз

ҚР «Тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңының 4 бабының 4 тармағына сәйкес, тауар таңбасы иесінің келісімінсіз ешкім де оның тауар белгісін пайдалана алмайды делінген, ал егер пайдаланса ол тауарлар контрафактілік тауарлар болып есептелінеді. Еліміз нарығында өзгелердің меншік нысандары саналатын тауарлардың тәуір жасалған көшірмелері баршылық.

Алайда, контрафактілік өнімдер және зияткерлік меншікті заңсыз пайдалану кәсіпкерлікті дамытуға кері әсер етеді. 

Тауар таңбаларын құқықтық қорғау өндірушілердің ғана емес, сонымен қатар тұтынушылардың да құқықтарын қорғайды. Егер тауар таңбалары туралы заңның негіздерін, басымдық, яғни ең алғашқы болу принципін ескерсек, тауар таңбалары туралы заңнама нормаларына сәйкес өзінің құқықтары туралы кім бірінші болып өтініш білдірсе, әдетте сол олардың иесі болып табылады.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының аумағында негізінен шетелден келіп түсетін жасанды контрафактілік өнімдердің таралғанын туралы атап өтуге тура келеді. Контрафактілік өнімдердің көп бөлігі бізге Қытай Халық Республикасынан және Қырғыстан Республикасынан келуде және көбіне осы елдің өнімдеріне тексеру жұмыстары жүргізіліп әкімшілік істер қозғалуда. 

Қазақстан Республикасының тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңынан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Тауар белгісінің иесi куәлiкте көрсетiлген тауарлар мен қызметтерге қатысты өзiне тиесiлi тауар белгісін пайдалану мен оған иелiк етудің айрықша құқығына ие болады. Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар белгісін оның иесiнiң келiсiмiнсiз ешкiм де пайдалана алмайды.     

Тауар таңбасы ретiнде бейнелеу, сөз, әрiп, цифр, көлем белгiлерi және өзге де белгiлер немесе бiр тұлғалардың тауарлары мен қызметтерiн басқа тұлғалардың бiртектес тауарларынан немесе қызметтерiнен ажыратуға мүмкiндiк беретiн олардың аралас үлгiлерi тiркелуi мүмкiн.

Бүгінгі күні кәсіпкерлік саласындағы көкейтесті мәселелердің бірі тауарлық белгіні мемлекеттік тіркеу болып отыр. Негізінен кәсіпкерлер тауар белгісі ретінде өздерінің логотиптерін тіркейді. 

Логотип — бұл фирмалық стильдегі элемент. Тауар таңбасының жиі тіркелетін нысаны фирмалық түрде салынған, яғни фирманың немесе фирмамен шығарылатын тауардың толық немесе қысқартылған атауын ерекше етіп жазу. Ең бастысы есте сақтау керек — логотип фирмалық стильде жазылған (салынған) сөз. Ал тауар белгісі –  «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес тіркелген белгі, ол белгілі бip заңды немесе жеке тұлғаның тауарын немесе қызметін eкіншi бip заңды немесе жеке тұлғаның тауары мен қызметінен айыру үшін қажет.

Тауар таңбасы кез келген бояулы түсте немесе бояулы түстер үйлесiмiнде тiркелуi мүмкiн.

Өзінің жеке кәсібін ашқысы келетін Қазақстан Республикасының кез келген азаматы осы елдің заңының талаптарына сәйкес өз кәсіпкерлігін жүзеге асыруы тиіс.

                                                                                                      

                                                                 Шымкент қаласы Әділет департаментінің

жетекші маманы

Бекмурзаев Темірхан

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Сыбайлас жемқорлық Алкоголь өнімі туралы »