Қазақстанда жеке тұлғалардың төленбеген салықтары үшін өсімпұлдары есептен шығарылады

Вторник, 11 Август 2020 09:56 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 536 раз

Мемлекет басшысы пандемия кезінде азаматтарды қолдауға бағытталған 2020 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының тиісті Заңына қол қойды.

Құжатта жеке тұлғалар үшін өсімпұлды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық туралы норма қарастырылған.

Айта кетейік, 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотында есепте тұрған және оны төлеу күнінен кеш есептелген жеке тұлғалардың мүлік, жер және көлік салықтары бойынша өсімақылар есептен шығарылады.

Салық бойынша негізгі борыш сомасын төлеу есептен шығарудың басты шарты болып табылады. Өсімпұл төленген салықтың түрі бойынша есептен шығарылады.

2020 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде төленуі қажет 2019 жылғы мүлік салығы мен жер салығы бойынша міндеттемелер қосылмайды.

Салықтық рақымшылық жасау мерзімі – 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін.

Осыған байланысты Мемлекеттік кірістер органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінде өсімпұлды есептен шығару жөніндегі комиссиялар құрылатын болады.

Өсімпұлды есептен шығару үшін борыштың негізгі сомасын төлеу жеткілікті. Өсімпұл автоматты есептен шығарылады.

 

Еңбекші ауданы бойынша    

МКБ-ң бас маманы Б.Жүніс

 
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Сыбайлас жемқорлықты жою Жемқорлыққа жол жоқ »