Версия для печати

Құрылыс талабы орындалмаған

Пятница, 25 Сентябрь 2020 06:01 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2003 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысымен «Корпорация «Сити Строй» ЖШС Мердігер арасында 15.08.2018 жылы Шымкент қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығын абаттандыру» құрылыс жұмыстарына мемлекеттік сатып алу туралы №2 шарты түзілген.
Аталған №2 келісім шартқа сол жылғы 28 қыркүйекте №2/1 қосымша келісім шарты және 13.02.2020 жылғы №2/2 қосымша келісімшарты түзілген.
Бұл ретте, аталған №2/1 және 2/2 қосымша келісім-шарттар ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 45 бабының 2 тармағының 7 тармақшасының талаптары сақталмай түзілген.
Жобалаушы мекеме – «Қаз Нұр жобалау құрылыс институты» ЖШС-і «ОҚО, Шымкент қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығын абаттандыру» құрылысы жұмыстарының жоба сметалық құжаттарын дайындаған. Жұмысшы жобаға 2017 жылы 28 қазанда «Мемсараптама» РМК-ның Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының №ГНҚ-0058/17 нөмірлі сараптама қорытындысы берілген. Сараптамалық қорытынды бойынша құрылыс нысанының ағымдағы 2017 жылғы бағадағы және 2018 жылғы болжамдағы бағадағы құрылыстың жалпы сметалық құны - 1 138 317,0 мың теңге. Оның ішінде: Құрылыс – монтаж жұмыстары 950 170,0 мың теңге, құрал – жабдықтар 24 594,0 мың теңге, өзге де шығындар 163 553,0 мың теңге. Құрылыстың ұзақтығы 8 ай деп көрсетілген.
Осыған орай, Шымкент қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығын абаттандыру» құрылыс жұмыстары 8 айда яғни 2019 жылдың 15 сәуірінде аяқталып, қолдануға тапсырылуы қажет.
Шымкент қаласының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі тарапынан ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 45 бабының 2 тармағының 7 тармақшасының талаптары сақталмаған.

 


А.БАРЛЫБАЕВ,

ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің

Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік

аудит департаменті №2 сәйкестік аудиті бөлімінің
бас маман-мемлекеттік аудитор

 
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.