Версия для печати

Мемлекеттік сатып алу заңнамасы бұзылған

Пятница, 25 Сентябрь 2020 06:05 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 1997 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті мен «Казинтерсервис» ЖШС-нің өтінішінің негізінде «Шымкент қаласының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінде арнайы тәртіпті қолдана отырып жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне сәйкес мектептерде қашықтықтан үздіксіз білім алуға мүмкіндік жасау мақсатында «Компьютер» тауарларын «бір көзден тікелей шарт жасасу жолымен» ұйымдастырылып өткізілген мемлекеттік сатып алу процедурасының, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңнамаларының талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізілген болатын. Тексеру нәтижесінде, тапсырыс беруші болып табылатын білім басқармасы тарапынан, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 41 бабының 2 тармағы сақталмай, мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған нысан бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы есеп орналастырылмағандығы анықталды.
Жоғарыда анықталған бұзушылықтардың негізінде, Департамент тарапынан, анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жолданды.
Аталған нұсқаманың негізінде, мемлекеттік сатып алу туралы есепті мемлекеттік сатып алу веб-порталында уақтылы орналастырмағандығы үшін, жауапты тұлға – А.Салхимовқа «Ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды.

 

Б.МАМУТОВ,
Шымкент қаласы бойынша ішкі
мемлекеттік аудит департаменті
№1 сәйкестік аудиті бөлімінің
бас маман – мемлекеттік аудиторы

 
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.