Версия для печати

Өтініш бойынша іс жүргізу туралы

Вторник, 30 Июнь 2020 10:03 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 1977 раз
Оцените материал
(0 голосов)

ҚР Әділет министрінің 20.04.2015ж. №221 бұйрығымен бекітілген «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекттік көрсетілген қызмет стандартына өзгеріс енгізіліп, жаңа редакцияда 01.03.2016 жылдан бастап қолданысқа енгізілді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам арқалы жүзеге асырылады. Ол мемлекттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылуысыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

Мемлекттік корпорацияға жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі төмендегідей болды: осы Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша атқарушылық құжат; судьяның қолымен және соттың мөрімен расталған, заңды күшіне енгені туралы белгісі бар сот актісінің көшірмесімен қоса сот актісі негізінде берілітін атқарушылық парақ: Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес берілген сот бұйрығы; судьяның қолымен және соттың мөрімен ратсалған, заңды күшіне енгені туралы белгісі бар сот актісінің көшірмесімен қоса Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық, шетелдік соттардың және төреліктердің шешімдерін мәжбүрлеп орындату туралы сот актілерінің негізінде берілетін атқарушылық парақтар; судьяның қолымен және соттың мөрімен расталған, заңды күшіне енгені туралы белгісі бар сот актісінің көшірмесімен қоса төрелік шешімдерін мәжбүрлеп орындату туралы соттың ұйғарымы негізінде берілетін атқарушылық парақтар; соттардың талап қоюды қамтамасыз ету, не оның күшін жою туралы ұйғарымдары; атқарушылық жазба; жеке басын куәләндыратын құжат.

Көрсетілетін қызметті берішінің кеңсесінде тіркелгендігі туралы қойылған белгі өтініштің қағаз жеткізгіште қабылданғандығын растау болып табылады.    

                  

 

  

Шымкент қаласы Әділет департаментінің

атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі

бөлімі филилы сот орындаушысы

Тойшибекова А.Ж.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.