СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС ҚИМЫЛ БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ ІС

Четверг, 26 Ноябрь 2020 03:49 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 994 раз

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС ҚИМЫЛ

Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаменті ИЧ-167/4 мекемесінің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы бөлімінің мамандары бөлім қызметкерлері арасында жүйелі түрде мекемеде сыбайлас жемқорлық іс-қимылдарының алдын алу және болдырмау мақсатында «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптары туралы, Қазақстан Республикасының ішкі істер орган қызметкерлерінің Әдеп Кодексі бойынша түсіндірмелі сұхбаттар жүргізіліп отырады.

Сыбайлас жемқорлыққа бармауды, сотталғандармен жақын қарым-қатынасқа түспеу, арнайы контингентпен қызметтік емес байланыс жасау деректеріне жол бермеу туралы жиі түсіндірмелі жұмыстары жүргізіліп, ведомостьқа қол қою арқылы таныстырылады. Осы күнге дейін, жеке құрам қызметкерлері арасынан сыбайлас жемқорлыққа жол берген дерегі орын алған жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу Еліміздің заңнамаларына сәйкес сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу және сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп лауазымды қолданып алу немесе ысырап ету жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Бұрынғы өткен ата-бабаларымыздың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз. Олардың «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген сөздері бекер айтылмаған. «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап көрсетті. Яғни бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік - экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Қазақстан Республикасы жүргізілетін саясатымен сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ деп көрсетеді. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Біздің Еліміз бүкіл әлемге танымалы болу үшін үлкен жұмыс жасалып жатыр. Оның ішінде Елбасымыз қолдаған саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданды. Халықтың және басқа елдердің Қазақстанға беріп отырған сенімін ақтау үшін барлық шаралар жасалуда, сыбайлас жемқорлықпен күресу сұрағы олардың ішінде ең маңыздылардың бірі. Сондықтан, сыбайлас жемқорлыққа қоғам болып қарсы тұруымыз қажет, бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көрністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс.

 

 

 

ЭЛЬМИРА ТОЙЛЫБАЕВА,

ИЧ-167/4 мекемесінің САӘПТЖ бөлім бастығы,

әділет капитаны

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.