2021 жылға арналған жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау жөніндегі ЖАДЫНАМА

Вторник, 23 Февраль 2021 11:19 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 4525 раз

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI ҚРЗ Заңының 45-1-бабы негізінде Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау 2021 жылғы 1 қаңтардан бастапенгізіледі.

Декларация нысаны – «Активтер мен міндеттемелер туралы декларация» 250.00 нысан.

2021 жылы Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны кім тапсырады?

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап, декларацияны табыс ету жылының 1 қаңтарына болып табылатын, мынадай тұлғалар:

- жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары;

- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғалар және олардың жұбайлары;

- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары;

- «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес ұсыну міндеті жүктелген тұлғалардекларация тапсырады.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны табыс ету мерзімі:

Қағаз түрінде – 2021 жылғы 15 шілдеден кешіктірмей;

Электрондық түрде – 2021 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны табыс ету тәсілдері:

Электрондық түрде – «Салық төлеушінің кабинеті» Мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы (cabinet.salyk.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz) арқылы, сондай-ақ eSalyq аzamat және (egov.kz) мобильді қосымшалары арқылы.

Қағаз түрінде – мемлекеттік кірістер органдарына келу тәртібімен не тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі

Активтер мен міндеттемелертуралыдекларациянықайдатапсыруқажет:

Жеке тұлғалар(дара кәсіпкерлердіжәнежекепрактикаменайналысатынадамдардықоспағанда, мысалы, мемлекеттікқызметшініңжұбайы)тұрғылықтыжерібойынша декларация тапсырады.

Дара кәсіпкерлержәнежекепрактикаменайналысатынадамдардекларацияныорналасқанжерібойыншатабысетеді.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда көрсетілетін мәліметтер

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда:

1. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі мүліктері:

жылжымайтын мүлік, жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін, әуе және теңіз кемелерін, ішкі суда жүзу кемелерін, «өзен-теңіз» жүзу кемелерін;

көлік құралдарын, арнайы техника және (немесе) тіркемелерін;

барлық банк салымдары бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомадағы Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банк шоттарындағы ақшасын;

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін көрсетуге арналған.

2. ҚазақстанРеспубликасындағыжәне (немесе) одан тыс жерлердегі мүлік:

тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы келісім бойынша тұрғын үйдегі үлес;

бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары (туынды қаржы құралдарын қоспағанда, олардың орындалуы базалық активті сатып алу немесе сату арқылы жүзеге асырылатын);

инвестициялық алтын;

зияткерлік меншік объектілері, авторлық құқық;

республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және декларация ұсынылған жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде көрсетілген қолма-қол ақша;

банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес құрылған берешегін қоспағанда, міндеттемелердің немесе талаптардың туындауына негіз болып табылатын нотариат куәландырған (куәландырған) шарт немесе өзге де құжат болған кездежеке тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешек) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешек);

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн болған кезде, осы мүліктің бірлігі үшін баға (құн) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асып кеткен жағдайда жеке тұлғаның қалауы бойынша басқа мүлік көрсетілуі мүмкін. Бұл ереже мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікке, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікке қатысты қолданылмайды.

2021 жылы Активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсырылғаннан кейін, 2022 жылдан бастап жыл сайынғы Кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан)тапсыру міндеті туындайды.

Салық кодексінің 356-бабының 1-тармағында төлем көзінен салық салынбайтын кірістері бойынша жеке табыс салығын (бұдан әрі - ЖТС) жеке тұлға өзі есептейді және бюджетке төлейді деп көзделінген.

Ондай кірістерге мыналар:

• мүліктік кірістер (тұрғын үйді жалға беруден, мүлікті сату кезінде құн өсімінен);

• жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі көздерден алынған мүлікті сатудан түскен табысы;

• жеке тұлға мүлікті (ақшадан басқа) жарғылық капиталға салым ретінде берген кездегі құн өсімінен түскен табыс;

• талап ету құқығын беруден түскен кірістер, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы келісім бойынша тұрғын үйдегі үлес;

• Қазақстан Республикасынан тыс көздерден алынған басқа кірістері жатады.

Кірістердің осы түрлері болған кезде жеке тұлғаға ЖТС бойынша декларация (240.00 нысан) тапсыру міндеттемесі туындайды.

ЖТС бойынша декларация орналасқан жері (тұрғылықты жері) бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей 10% ставкасын қолдана отырып және ЖТС төлемі белгіленген мерзімнен кейін 10 күннен кешіктірмей табыс етіледі.

 

Еңбекші ауданы бойынша МКБ-ң бас
маманы М.Бексултанов

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.