Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы ел азаматтарын «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасын пайдалануға шақырады

Среда, 07 Апрель 2021 10:45 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2095 раз

 «E-Salyq Azamat»  мобильді қосымшасында жеке тұлғалардың салық міндеттемелерін орындауға арналған әртүрлі қызметтер бар, мысалы: 

- салықтарды банк бөлімшелеріне бармай және комиссиясыз төлеу;
- салық берешегін тексеру;
- артық төленген салықтарды есепке жатқызу;
- мүлікке, жерге және көлікке салықты тексеру және есептеу;
- салық обьектілерін қарау (жылжымайтын мүлік және көлік);
- жылжымайтын мүлік және көлік туралы ақпараттарға түзетуді жасау;
- жұмыс берушіңіздің жалақыңыздан табыс салығы мен әлеуметтік төлемдердің қанша ұстап қалғанын тексеру;
- жалпыға бірдей декларациялау аясында активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 нысаны) ұсыну;
- мемлекеттік кірістер органдарының қызмет көрсету орталықтарына баруды онлайн брондау.

«e-Salyq Azamat»  тегін мобильді қосымшасын «App Store» немесе «Play Market»-тен жүктеуге болады. Авторизациялау тәсілдері туралы ақпарат мобильді қосымшада бар.
МКК-нің YouTube арнасында қосымшада жұмыс жасаудың бейненұсқаулықтары орналастырылға.
Толығырақ ақпаратты ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан «1414» нөміріне хабарласып, немесе ugd.enbekshi инстаграм парақшасында алуға болады.

Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.