Версия для печати

Жаңа құжат алуға 5 қадам

Четверг, 13 Май 2021 06:04 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 4454 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Жеке куәлік пен шетелдік төлқұжат алу – ХҚО-да ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер, оларды рәсімдеу оңай болғанымен, азаматтар тарапынан көптеген сұрақ туындайды. Ал негізінде жеке куәлік пен шетелге шығуға рұқсат беретін төлқұжатты алу үшін тек 5 қарапайым қадам жасау қажет.

Олар:
- жақын маңдағы ХҚО-ға бару;
- мемлекеттік баж салығын төлеу;
- туу туралы куәлікпен бірге қажет болған жағдайда ата-анасының біреуінің жеке куәлігін (баланың азаматтығын растау үшін) ХҚО қызметкеріне көрсету,
- содан кейін ХҚО-дағы көші-қон полициясы қызметкеріне құжат топтамасын тапсыру,
- процестің соңғы кезеңі - жаңа құжат үшін суретке түсу.

 

quzhat



Дайын құжатты 15 жұмыс күнінен кейін алуға болады.

Егер азамат құжаттарды дайындауды бір жұмыс күніне дейін жеделдетуді қаласа, қосымша баж алымын төлеуі керек.
Жаңа куәлік пен төлқұжат алғаннан кейін ескі құжаттар ХҚО маманына тапсырылуы керек.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкент тұрғындары 47 мыңнан астам жеке куәлік пен төлқұжат алды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.