Электронды қызметтер

Четверг, 03 Июнь 2021 05:54 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3738 раз

Электрондық қызметтерді алу кезінде салық төлеушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті тарапынан «e-Salyq Azamat» мобильдік қосымшасы іске қосылған. Аталған қосымшаны  тегін App Store және Play Market арқылы жүктеп алуға болады.

Бүгінгі күні «e-Salyq Azamat» мобильдік қосымшасында салық төлеушілер үшін көптеген тиімді қызмет түрлері көрсетіледі, оның ішінде атап айтсақ:       

- салықтарды банк бөлімшелеріне бармай және комиссиясыз төлеу;
- салық берешегін тексеру;
- артық төленген салықтарды есепке жатқызу;
- мүлікке, жерге және көлікке салықты тексеру және есептеу;
- салық обьектілерін қарау (жылжымайтын мүлік және көлік);
- жылжымайтын мүлік және көлік туралы ақпараттарға түзетуді жасау;
- жұмыс берушіңіздің жалақыңыздан табыс салығы мен әлеуметтік  төлемдердің қанша ұстап қалғанын тексеру;
- жалпыға бірдей декларациялау аясында активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 нысаны) ұсыну;
- мемлекеттік кірістер органдарының қызмет көрсету орталықтарына баруды онлайн брондау.

Толығырақ ақпаратты ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан «1414» нөміріне хабарласып, немесе ugd.enbekshi инстаграм парақшасында   алуға болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.