Шымкенттегі ХҚО жұмыс тәртібі өзгерді

Вторник, 08 Июнь 2021 03:13 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 849 раз

2021 жылдың 7 маусымынан бастап Шымкенттегі халыққа қызмет көрсету орталықтары жаңа жұмыс кестесіне көшті. Бұл шешімді Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігері қабылдады.

Осылайша ХҚО азаматтарды дүйсенбі-сенбі аралығында сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін қабылдайды. Санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау мақсатында ХҚО-ға кезек уақытын белгілеу үшін еgov.kz порталын, eGovKzBot2.0 телеграм-ботын пайдалануға немесе 1414 байланыс орталығына қоңырау шалуға болады.

ХҚО-ға барған кезде қашықтық пен бетперде тағу талаптарын сақтауды сұраймыз.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.