Antikor.live: Тікелей эфирде ветеринарлық қызметтің жұмысы баяндалды

Пятница, 27 Август 2021 09:52 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 1658 раз

antokir

«Аntikor ortalyǵy» алаңында тікелей эфирде Ветеринариялық қызметінің директоры Н.Зейнолла мекеменің қызметі мен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру мақсатында атқарылған жұмыстармен таныстырды.

Эфир барысында спикер 24 түрлі ауруларға қарсы профилактикалық екпе және диагностикалық зерттеулер жүргізіліп отырғандығынан хабардар етті.

Оның айтуынша, қала тұрғындарынан қаңғыбас ит, мысықтар бойынша көп өтініштер келіп түседі. Ұсталған ит пен мысықтар Абдул- абад елді мекенінде уақытша оқшаулау орталығында 3 күн ұсталынады. Оның иесі іздестіріледі, егер табылған жағдайда ветеринариялық құжаттары көрсетіліп, жануарларын алып кете алады. Сондай-ақ, бірдейлендіру жұмыстары, төлдеріне сырға салу және де эпизотияға қарсы екпе жұмыстары жүргізіледі.

Ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жайына тоқталған Нұрсұлтан Зейнолла аталған салада ветеринария саласын цифрландыру жобасын жүзеге асыру жоспарланғандығынан хабардар етті.

Спикердің айтуынша көпшілік тұрғындар сатып алған немесе белгілі себептермен сойған малы туралы кезінде тұрғылықты жердегі ветеринар мамандарға хабар бермегендіктен, уақытылы кіріс-шығыс есебі жүргізілмеу салдарынан бүгінгі таңда, статистикалық мәлімет пен дерекқор базасындағы айырмашылықтарды бір жүйеге келтіруде қиындықтар туындауда. Ал жаңа жүйе сол олқылықтардың алдын алып, үйден шықпай-ақ, қажетті куәлікті алуға мүмкіндік береді. Жобаның артықшылығы - ветеринария мамандарына және қала тұрғындарына цифрлық технологиялар қолданумен электронды қызметтер көрсетіледі. Электронды өтініш мобилді платформа арқылы берілсе, тікелей қарым-қатынысты тудырмай, платформа қолдану арқылы операцияларды жүргізген - сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

Сондай-ақ, Ветеринариялық қызмет басшысы аталған салаға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда 8(7252) 450505 және 450522 телефондары және әлеуметтік желідегі (vet_sluzhba, vet_qyzmet_shymkent) парақшалары арқылы ақпарат алуға болатындығын жеткізді.

Сондай-ақ, эфирді жүргізген «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар Агенттікпен ауыл шаруашылығы саласында талдау жүргізілгендігінен хабардар етті.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.