Судьялар одағының құрылғанына – 25 жыл

Четверг, 09 Сентябрь 2021 11:21 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 510 раз

sudialar-odagy

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының құрылғанына 25 жыл толады. Тарихи датаны 1996 жылы 19 желтоқсанда Алматы қаласында өткен судьялардың І съездінде бекіткен болатын. Ұйымның қуатты біріктіруші әлеуеті отандық сот жүйесін дамытатын іргетасқа айналды. Аталмыш одақтың арқасында судьялардың кәсіби ынтымақтастығы артып, біртұтастығын сақтап отыруға негіз болды.

Ширек ғасырға тең осы жылдар аралығында Судьялар Одағының 8 съезді өтті. Олардың әрқайсысы жаңа кезең үшін бағыт-бағдар берді, төзіндік ижеткілікті және тәуелсіз сот ждүйесінің даму тұстары мен құрылым координаттарын акйқындап, қалыптасқан дәстүрлерді ұрпақтар сабақтастығына жалғап, тәжірибені нығайтуға сеп бола түсті. Судьялар съезі алдағы төрт жылға арналған іс-қимыл стратегиясы мен басымдықтарды ғана емес, сондай-ақ сот төрелігін іске асырудың аса сезімтал салаларындағы жүйелі проблемалар мен кедергілер туралы ашық әрі кедергісіз талқылайтын, жоспар дайындайтын маңызды басқосы болып есептеледі.

Тәуелсіз елдің тыныштығы жолында, Ата Заңымызда бекітілген заң бойынша еңбек етіп жүрген заң саласының қызметкерлерінің еңбегі қашанда көзге көрінерліктей, мақтануға тұрарлықтай-ақ. Әділ шешім қабылдап, заң аясынан шықпай әділдікті талап етіп, анық-қанығына жету жолында барын салатын судьялардың ел үшін де, халық үшін еңбегінің маңызы зор. Судьялар одағының 25 жылдығы – жоғарыда аталған оқиғаның маңыздылығын ұғынуға, өткен жолды бағалауға, сот жүйеміздің жетістіктерін көрсетуге және міндеттерді белгілеуге үлкен мүмкіндік береді.

Осыдан 26 жыл бұрын бүкілхалықтық референдумда қабылданған еліміздің Ата Заңы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, тәуелсіз егемен мемлекет құру кепілдіктерін негізге ала отырып, қорғаушы күшке айналса, осы Ата Заң шеңберінде талай тындырымды істерді нәтижелі аяқтап жүрген Судьялар Одағының мүшелері. Бір-бірімен біте қайнасып жатқан сала мамандарының еңбегі елеуге, тойлануға әбден лайық деп білемін.

Судьялар Одағының Орталық Кеңесі Судьялар одағының 25 жылдығын мерекелеу туралы қаулы қабылдап, мерекеге дейінгі күндер маңызды әрі қызықты істермен, әлеуметтік жобалармен пайдалы іс-шаралармен ерекшеленіп, толығысады деп сенемін. Алдыңғы аға буынның жасаған мағыналы жұмыстары, сәтті еңбектері бүгінгі жас судьяларға үлкен серпіліс болары сөзсіз. Осы мерейтой қарсаңында байырғы аға буыннан ақыл алып, кемел келешегімізді жасауымыз керек.

Еркебұлан ТУЛЕШОВ,
Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының судьясы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.