Версия для печати

Жоғалған әскери билетті ХҚО арқылы қалпына келтіруге болады

Среда, 22 Сентябрь 2021 10:15 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 1564 раз
Оцените материал
(0 голосов)

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы Шымкент қалалық филиалының өкілдері әскери билет жоғалған жағдайда қалай тез қалпына келтіру туралы мәлімдеді. Оны екі тәсілмен – eGov порталы арқылы немесе ХҚО жүгіну арқылы қалпына келтіруге болады.

 

bilet



Әскери билетті eGov арқылы қалпына келтіру үшін порталда авторизациядан өтіп, «Запастағы офицерлерге, сержанттарға, сарбаздарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) немесе олардың телнұсқаларын беру» қызметін таңдау қажет. Бұдан кейін «Қызметтерге онлайн тапсырыс беру» батырмасын басып, ЭЦҚ немесе смс-пароль арқылы қол қою қажет болатын арнайы өтінімді толтырасыз.

Қызмет тегін, көрсетілу мерзімі 5-7 жұмыс күніне дейін.

Егер сіз «Әскери билетті» ХҚО арқылы қалпына келтіруді шешсеңіз, онда сізге құжаттар тізбесін жинау қажет. Ол құжаттар туралы ХҚО кеңесшілерінен немесе 1414 нөмірі бойынша білуге болады.
Қызмет көрсету мерзімі – 10 жұмыс күні.

ХҚО-ға жүгінген кезде өзіңізбен бірге талаптарға сай түсірілген 3х4 фотосуреті болуы керек. Сондай-ақ, фотосурет өтініш берушінің жасына сәйкес келуі және тек ашық фонда толық көлемде түсірілуі керек, адамның бет-жүзі жалпы фотоалаңының 70%-ын алуы тиіс.

Айта кетейік, 2021 жылдың басынан бері Шымкент қаласының ХҚО-лары арқылы 900 әскери билет берілді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.