Версия для печати

Тұжырымдама түрлі алаңдарда талқылануда Избранное

Пятница, 08 Октябрь 2021 04:19 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3039 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресті жалғастыру қажет. Құзырлы агенттік жыл соңына дейін орта мерзімді кезеңдегі іс-қимылымыздың бағдарламасын айқындайтын стратегиялық құжатты бекітуге ұсынуы керек» деп атап өткен болатын.

946

 

мқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен «Қазақстанның 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы» жобасы ұсынылып, түрлі алаңдарда талқылануда.
Шымкентте «Аntikor ortalyǵy» сервистік орталығында қоғам белсенділеріне аталған Тұжырымдама таныстырылып, талқылауға ұсынылды.
Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаевтың төрағалығымен өткен жиынға қоғам, бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекеттік органдар, мәслихат депутаттары және ғылыми орта өкілдері мен ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері қатысты.
Талғар Серікбаев, заңнамалық өзгерістер мен жемқорлықпен күрестегі жаңа тәсілдерге, Концепцияның құрылымы мен негізгі бағыттарына тоқталды.
Тұжырымдама 6 бөліктен, яғни, парасатты мінез-құлыққа ынталандыру, жемқорлық мүмкіндіктерін жою, жауапкершіліктің сөзсіздігі, жемқорлыққа қарсы іс-қимылға азаматтық қоғамды тарту, жемқорлыққа қарсы саясат тиімділігінің мониторингі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша уәкілетті орган бөліктерінен тұратындығы қатысушылар назарына ұсынылды.
Шара барысында әр тармаққа кеңінен түсіндірме беріліп, күтілетін нәтижелер таныстырылды. Жиында қатысушылар тарапынан бірқатар пікірлер мен ұсыныстар айтылып, олар жұмыс тобына жолданатын болады. Айта кетейік, тұжырымдаманы әзірлеуде әрбір азамат
www.adal.com.kz сайтына ұсыныстарды жолдау арқылы белсенділік таныта алады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.