Версия для печати

Жүргізуші куәлігін рәсімдеудегі 5 қадам

Вторник, 07 Декабрь 2021 04:51 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3057 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Жүргізуші куәлігін рәсімдеу – еліміздің мамандандырылған ХҚО-ларында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі. Көлік жүргізуге рұқсат беретін құжатты алғаш рәсімдеушілерден бірнеше құжат қана талап етіледі. Осыған қарамастан, азаматтардың көпшілігінде құжаттарды жинау және емтихан тапсыру туралы сұрақтары туындайды. Барлығын қалай дұрыс рәсімдеу қажеттігі туралы редакциямызға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қалалық филиалының өкілдері айтып берді.

Жүргізуші куәлігін рәсімдеу үшін тек 5 қарапайым қадам қажет:

1-қадам: Көлік жүргізушісі курстарын үйрететін мектепті тауып, нұсқаушымен бірге көлік жүргізіп машықтаныңыз. В категориясына жол ережесін өз бетіңізше де үйрене аласыз.

2-қадам: Құжаттар жинау.
Қажетті құжаттар:
жеке куәлік,
073 үлгісіндегі медициналық анықтама,
автокурсты бітіргені туралы куәлік (болған жағдайда)
мемлекеттік баж салығын төлегеніңіз туралы түбіртек – баж мөлшері 1,25 АЕК.

3-қадам: Теориялық емтихан. 40 минут ішінде 40 сұрақтың 32-сіне дұрыс жауап берсеңіз, емтиханнан сәтті өткеніңіз.

4-қадам: Автодромдағы практикалық емтихан. Егер теория сәтті тапсырылса, сізді практикалық емтихан жібереді. 20 минут ішінде 12 жаттығу ережелерін дұрыс өту керек.

5-қадам: Дайын құжатты алу. Екі емтиханды да сәтті тапсырсаңыз, сізге жүргізуші куәлігі беріледі.

Бұл ретте eGov.kz порталында жүргізуші куәлігін ауыстыруға, автокөлікті қайта рәсімдеуге, мемлекеттік нөмірді таңдауға, тіркеуге, көлік нөмірін үйге жеткізу қызметі қолжетімді екенін ескертеміз.

2021 жылдың 11 айында Шымкент қаласындағы мамандандырылған ХҚО арқылы 76 мыңнан астам жүргізуші куәліктері берілді.

Мамандандырылған ХҚО мекенжайлары:
№1 мамандандырылған ХҚО: Достық ш.ауд.;
№2 арнайы ХҚО: 119 квартал, 381/1, Ташкент айналма жолы.
№3 арнайы ХҚО: Қызылжар ш.ауд., Жиделібайсын көшесі 92. «Бекжан-комфорт»
Жұмыс кестесі: ДС-ЖМ, 09:00-ден 18:00-ге дейін үзіліссіз.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.