Жерге орналастырушылардың кәсіби мерекесі

Понедельник, 14 Март 2022 03:54 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2962 раз

Қазақстанда наурыз айының екінші сенбісі күні жерге орналастырушы, картография және геодезия саласы мамандарының кәсіби мерекесі атап өтіледі. Осыған орай «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалында мерекеге орай салтанатты жиын өтті.

 

zher

– Жер – мемлекеттің ерекше қорғауындағы негізгі ұлттық байлық. Сондықтар бұл салада еңбек ететін мамандарға жүктелетін жауапкершілік жоғары. Мемлекеттік корпорацияда осы кәсіптің қыр-сырын меңгерген мамандар жетерлік. Бүгінгі мереке сол кісілердің еңбегін елеп, бағасын беретін күн. Тәжірибелі мамандар еңбек жолында ізбасар шәкірт баулып келеді. Бүгінде бұл саладағы жұмыс үдерісіне заманауи технология мен жаңашылдықтар енгізіліп, өнімділік артып келеді. Мемлекеттік қызметтер цифрлы форматқа өтіп, көрсетілетін уақыты қысқарды. Корпорация қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, сәтті жобалар мен ұтымды шешімдер, тамаша идеялар тілеймін! – деді филиал директорының орынбасары Айдос Батырханұлы.

Айта кетейік, бүгінгі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жер кадастры бойынша 18 қызмет түрін көрсетеді. Оның ішінде жер аумағын, құрылымын, топырақ құрамын анықтау бойынша қызметтер бар.

Последнее изменение Понедельник, 14 Март 2022 04:04
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.