Мемлекеттік қызметшілерге арналған «Адамдар ең алдымен» арнайы бағдарламалары бойынша оқытулар ұйымдастырылуда

Среда, 27 Апрель 2022 07:58 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 1517 раз

adamdar-en-aldymen

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі мәселелері жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес 2022 жылдың 22 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалымен бірлесіп мемлекеттік қызмет көрсету функциялары бекітілген қызметшілерге арналаған арнайы бағдарламалар бойынша оқытулар ұйымдастырылды.

Оқыту бағдарламасы сервисология, әлеуметтану саласындағы ғылыми білімді, сондай-ақ күйзеліске төзімділік, клиентке бағдарлану, заманауи ақпараттық жүйелерді пайдалану практикалық дағдыларын қамтыды.

Оқытудың ең басты мақсаты халықпен тиімді және тығыз жұмыс жасау, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру бойынша халықпен мемлекеттік органдардың арасында өзара қатынастардың тәсілдерін қалыптастыру.

Осылайша, оқыту барысында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы – қоғам мен мемлекет арасындағы тиімді диалог нысаны ретінде», «Мемлекеттік басқару жүйесіндегі тиімді іскерлік коммуникативті қарым-қатынас», «Мемлекеттік қызметшінің іскерлік коммуникациясын басқару.Көпшілік алдында сөйлеу өнері: құзіреттіліктен шешендік шеберлікке дейін. Сөйлеу техникасының параметрлері», «Тиімді іскерлік коммуникациялар және жеке тұлға типологиясы. Іскерлік қарым-қатынастағы кедергілер және оларды жеңу жолдары», «Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық модельдері мен жүзеге асырылатын іскерлік қарым-қатынас стратегиялары», «Тұлғааралық тиімді қарым-қатынасқа әсер ететін факторлар: кәсіби тыңдау өнері және дұрыс сұрақтар қою қабілеті», «Мемлекет пен қоғамның байланыс жолындағы кедергілер: өзара әрекеттесудің формалары мен деңгейлері.Сөйлеу ережелері мен қателер.Өзара әрекеттесуінің құралдары мен ортасы», «Ынтымақтастық аясында сенімді қарым-қатынастар қалыптастыру. Мемлекеттік қызметшінің тиімді коммуникацияны орнатудың психологиялық негіздері. «Қиын» адамдармен қарым-қатынастар», «Эмоциялық интеллект – тиімді іскерлік коммуникацияларды құру техникасы ретінде», «Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы мен эмоцияларымен жұмыс. Қиын жағдайларда эмоционалды жағдайды басқару әдістері», «Тиімді іскерлік коммуникация дағдыларын дамытудағы шешендік өнер мен сторителлинг», «Жанжалдарды шешу шеберлігі немесе келіссөздер жүргізу өнері: келіссөздер алгоритмі. «Балама Генератор» әдісі.Дипломатиялық стратегия», «Жанжалдарды шешу шеберлігі немесе келіссөздер жүргізу өнері: Раппопорт - серіктеске «қосылу» технологиясы. Риторика өнері», «Тиімді мемлекеттік қызметті құрудағы трансформациялық көшбасшылық», «Коммуникативті коучинг – сенімді байланыс құралы ретінде», «Халықпен іскерлік коммуникацияларды құрудағы мемлекеттік қызметшілердің күйзеліске төзімділігін артыру практикасы» және «Мемлекеттік басқару жүйесінде іскерлік коммуникациялардың проблемалары мен олардың тиімділігін жоғарылату жолдары» тақырыптары қамтылды.

Сонымен қатар, оқыту бағдарламасы қызметшілерге шешімдер қабылдау, қызметті басқару, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, көрсетілетін қызметтерді тұтынушыға бағдарлау және оған ақпарат беру құзыреттіліктерін дамытуға мүмкіндік берді.

Бұған қоса, алдағы уақытта аталған іс-шараны жалғастыру жоспарлануда.

ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті. Баспасөз қызметі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.