Бұған дейін Мәделі қожа көшесі, 1/16 мекенжайындағы №1 бөлімде орналасқан кезекші ХҚО енді Жангелдин көшесі, 13 А ғимаратқа көшті, деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының Шымкент қалалық филиалының өкілдері.
Кезекші ХҚО дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін, түскі үзіліссіз жұмыс істейді. Ал қаладағы қалған ХҚО-лар жұмысы әдеттегі кесте бойынша, дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жалғасады.
Еске сала кетейік, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы елдегі шектеу шараларының жойылуына және эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты кезекші ХҚО-ның жұмысын қайта жандандыру туралы шешім қабылдаған болатын.