Бұл жолы ИЧ-167/11 мекемесінде Әділет және Ішкі мемлекеттік аудит департаменттерінің және «Оңтүстік-батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС қызметкерлері, жалпы саны 70-ке жуық адам болды.
Ұйымдастырушылар мұндай кездесулердің сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға көмектесетініне сенімді.
Тергеу изоляторының қызметкерлері тергеу кабинеттерін, қылмыскерлерге арналған камераларды, серуендеуге арналған орын мен карцерді көрсетті.
Айта кету керек, биылғы жылы тергеу изоляторларына «Shymkent» ӘКК» акционерлік қоғамының және қалалық білім басқармасының қызметкерлері түзеу мекемелерінде қамаудағыларды ұстау жағдайымен танысқан болатын. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.