Версия для печати

4 Маусым-мемлекеттік рәміздер күні

Среда, 29 Июнь 2022 06:24 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 1491 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Мемлекеттік рәміздер-еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені,бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі, халқымыздың рухын, ұлттық салт санасын,қаһармандығы мен даналығын,болашаққа үмітін,арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды.Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Мемлекеттік рәміздер-Ту,Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігі бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі.

Мемлекеттік рәміздер мәдениетіміз,тарихымыз бен менталитетіміздің көркем туындысы болуы керек.

Мемлекеттік рәміздер-бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін,оның ажырағысыз атрибуттарының бірі.

Мемлекеттік рәміздер-халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын,болашағын үмітін,арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені мен болашағы арасындағы ашық бейнесі.   

Рәміздер балабақшаларда да, мектептерде де, жоғарғы оқу орындарда орналастырылған.

Тарихтан тарихқа бастауларға тәжірибеге біз қаншама терең үңілсек қазіргі жағдайда соғұрлым жақсы түсінетін,білетін боламыз.

Мемлекеттік рәміздерге шетелдік мамандар жоғары баға берген,сонымен қатар рәміздеріміз бөліп қарауға болмайды. Мемлекеттік рәміздер зор тәрбиелік мән, мағынасы бар.Жай ғана мысал,Олимпиада ойындарындағы өз спортшылармыздың жеңісі кезіндегі мемлекетіміздің көк байрағының желбіруі әрбір азамат үшін зор мақтаныш,үлкен эмоция тудырады.Сонымен қатар мемлекеттік рәміздер ұлттық патриотизмді және жалпы қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы қызметі, орны ерекше екені даусыз.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының негізінде шаңырақ алынған.Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес.

Туып - өскен жердің мемлекеттің рәміздерінің мағынасын түсіне-әрбір Қазақстан азаматының борышы.

Шымкент қаласының
Әділет департаментінің бас маманы
Майра Маматаева

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.