Зорлық- зомбылықсыз отбасы

Понедельник, 04 Июль 2022 11:35 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 1845 раз

Әр отбасы — шағын мемлекет. Оның дамуы, мемлекетті құраушы сапалы адами капиталды құрауы отбасындағы ынтымақ пен берекеге тікелей байланысты. Яғни, ынтымағы жарасқан отбасының жетер жетістігі де, мемлекеттің дамуына қосар үлесі де мол болмақ.

141

 

Шымкентте тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында 13-21 маусым аралығында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» іс-шарасы жүргізілді. Бүгінде іс-шара аясында әйелдердің құқықтық сауатын арттыру, тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде көмек алуға болатын орталықтар жайлы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Отбасылық зорлық-зомбылықпен күрес шаралары жыл бойына жалғасын тауып отырады. Мәселен, учаскелік полиция инспекторлары және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары бірлесіп, әкімшілік аумақтарда профилактикалық жұмыс жүргізу кезінде 5 айда отбасында құқық бұзған 2 271 тұлғаға «қорғау нұсқамасы» шығарылды. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзіміндегі жағдаймен салыстырғанда жағдайдың біршама күрделенгенін көрсетеді. Яғни, өткен жылдың 5 айында тұрмыста зәбір көрген жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2131 нұсқама толтырылған. Олар ҚР «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңының 20-бабына сәйкес, 1 ай мерзімге ішкі істер органы есебіне алынып, профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен (отбасы тұрмыстағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер) барлығы 178 тұлғаға қатысты әкімшілік іс сотқа жолданған. Сондай-ақ, қорғау нұсқамасының талаптарын бұзғаны үшін 84 тұлға Әкімшілік кодекстің 461-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Отбасындағы зорлық-зомбылық оқиғалары түрлі жағдайларға негізделеді. Бірі отбасындағы түсініспеушілік, әлеуметтік жетіспеушілік сынды проблемалар болса, енді бірі отбасы мүшелерінің мінез-құлқына қатысты болады. Бүгінге дейін отбасында құқық бұзушылыққа жол берген тұлғалардың ішінен 169 азаматқа мінез-құлқына байланысты сот арқылы ерекше талаптар белгіленді. Яғни, олар 3 айдан 1 жылға дейінгі мерзімге есепке алынды. Сонымен қатар, жүріс-тұрысына шектеулер қойылып, алкогольдік ішімдік ішуге тыйым салынды.
Айта кетейік, 2022 жылдың 5 айында «102» нөміріне отбасылық жанжалдар бойынша барлығы 5784 шақырту түскен. Алайда, мұнда түскен қоңыраулардың барлығы қылмыс деген сөз емес. Яғни, тұлғааралық қақтығыстар, отбасылық кикілжіңдер, түспеушіліктер де бар. Әрбір түскен шақырту бойынша учаскелік полиция инспекторлары және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары профилактикалық жұмыстар жүргізіп, дер кезінде заң аясында құқықтық көмек көрсетіп келеді. Ал, отбасылық келеңсіздіктен зардап шеккен әйелдер мен балалары Шымкент қалалалық №3 арнаулы көмектер көрсету орталығы, «Бақытты жанұя» және «Сана-сезім» орталықтарында әлеуметтік, психологиялық, құқықтық көмек көрсету үшін жеткізіледі.

В.ОМАРҒАЗИЕВА,
Шымкент ҚПД ЖПҚБ ӘЗЗҚТ аға инспекторы, полиция майоры

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.