Сақтандырылғандарға көрсетілетін қызмет түрлері

Среда, 13 Июль 2022 10:34 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 1623 раз

saktandyru

Медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесі елімізде қолданысқа енгізілгеннен бері тұрғындар жоғары сапалы қызметтің қолжетімділігін сезініп келеді. Бұл ретте сақтандырылған мәртебесі бар азаматтарға көрсетілетін қызметтер түріне тоқтала кетсек.

Емханалық-амбулаторлық көмек аясында (әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда) алғашқы медициналық-санитарлық көмекке; алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының және салалық мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекке қол жеткізе алады.

Сонымен қатар:

- амбулаторлық деңгейде дәрігердің рецептісі бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;

- стационарлық көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда):

- алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медицина ұйымының жолдамасы бойынша – стационарды алмастыратын көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган бекіткен тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда).

НЕ ӨЗГЕРІССІЗ ҚАЛАДЫ?

Мемлекет тегін медициналық көмектің мынадай түрлеріне кепілдік береді:

1) жедел медициналық жәрдем және санитарлық авиация;

2) әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға, сондай-ақ, Қазақстан республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңы бойынша МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға құқығы жоқ тұлғаларға көрсетілетін емханалық-амбулаторлық көмек.

Оған мыналар кіреді:

• алғашқы медициналық-санитарлық көмек;

• алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының және салалық дәрігердің жолдамасы бойынша көрсетілетін консультациялық-диагностикалық көмек;

3) стационарлық көмек:

4) алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медициналық ұйымның жолдамасы бойынша, әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттар кезінде стационарды алмастыратын көмек;

5) профилактикалық екпелер.

С. Құралбек,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры,

А. Қылышбаева,
Шымкент қалалық №6 емхананың бас дәрігері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.