Версия для печати

15 санатқа кімдер кіреді?

Пятница, 15 Июль 2022 09:08 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2745 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында мемлекеттің қарауындағы 15 санаттағы азаматтар медициналық көмекке қол жеткізе алады.

ҚР «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңының талаптарына сәйкес, мемлекет азаматтардың 15 санатына сақтандыру жарнасын аударуда, атап айтсақ:

1) балалар;

2) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;

3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

4) бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі);

5) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;

6) мүгедек балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;

7) бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адам;

8) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

9) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;

10) тергеу изоляторларындағы адамдар;

11) жұмыс істемейтін оралмандар;

12) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;

13) мүгедектер;

14) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;

15) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер.

 

Олар келесі медицналық қызмет түрлерін алады :

1) емханалық-амбулаторлық көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда):

-алғашқы медициналық-санитарлық көмек;

- алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының және салалық мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмек;

2) амбулаторлық деңгейде дәрігердің рецепті бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;

3) стационарлық көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда): - жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу саны шеңберінде, алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медициналық ұйымның жолдамасы бойынша көрсетілетін жоспарлы стационарлық көмек; бұған жоғары технологиялы медициналық қызметтер де кіреді; - шұғыл көрсетілімдер бойынша – алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медицина ұйымының жолдамасы бар-жоғына қарамастан;

4) алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медицина ұйымының жолдамасы бойынша – стационарды алмастыратын көмек.

С. ҚҰРАЛБЕК,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының»
Шымкент қаласы бойынша филиалы директоры,

А. ОСПАНОВА,
Шымкент қалалық №7 емхананың бас дәрігері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.