Версия для печати

Шымкенттегі ХҚО-лар 27 тамыз, сенбі күні жұмыс істейді

Пятница, 26 Август 2022 10:36 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2438 раз
Оцените материал
(0 голосов)

30 тамызда Қазақстанның ең басты мемлекеттік мерекелелерінің бірі — Конституция күні атап өтіледі. Биыл мереке сейсенбіге түскендіктен, демалыс күні 27 тамыздан 29 тамызға (дүйсенбі) ауыстырылды. Осыған байланысты "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының Шымкент қалалық филиалы 27 тамыз, сенбі күні ХҚО-лар 09:00-ден 18:00-ге дейін, ал кезекші ХҚО-лар 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейтінін хабарлайды. Ал 28-30 тамыз күндері ХҚО-лар жұмыс істемейді.

Қалған күндері жұмыс кестесі сол қалпы сақталады. Жұмыс күндері кезекші ХҚО-лар сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін, ал сенбі күні сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді. Қалған ХҚО бөлімдерінің жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.